ТМД-ның үздік педагогы

Қазақстан-Американдық еркін университетінің оқытушысы Аян Дәуренұлы ТМД және Еуропа елдерінде ғылыми-педагогикалық қоғамдастықты кеңейту аясында ұйымдастырылған халықаралық байқаудың жеңімпазы атанды. 

Жобаға халықаралық ынтымақтастық шеңберінде Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясының, Өзбекстан Республикасының, Тәжікстан Республикасының, Беларусь Республикасының, Қырғыз Республикасының ғылыми-педагогикалық қызметкерлері ғылым саласында одан әрі интеграциялану мақсатында қатысты.

ҚАЕУ «Журналистика», «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының  оқытушысы Аян Дәуренұлына сіңірген еңбегі үшін «Білім берудегі үздіктер-2023» жинағы, «Үздік педагог-2023» медалі, сондай-ақ ІІ дәрежелі диплом табыс етілді.

Педагогика және психология кафедрасы