ТМЗУ басшылығынан ҚАЕУ ректорына алғыс хат

Осы алғыс хатта Ташкент мемлекеттік заң университетінің басшылығы ҚАЕУ ректоры, PhD докторы Мәмбетқазиев Айдар Ережепұлына және ҚАЕУ ұжымына 2021 жылғы 21 мамырда жасалған өзара түсіністік туралы Меморандум шеңберінде жемісті ынтымақтастығы үшін шын жүректен ризашылығын білдіреді.

Сондай-ақ, бұл құжатта құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының аға оқытушысы Мужчиль Савелий Александрович академиялық ұтқырлық аясында 2023 жылдың 15 қарашасы мен 15 желтоқсаны аралығында ТМЗУ студенттеріне дәріс өткізгені айтылады.

Нәтижелі ынтымақтастық үшін Ташкент мемлекеттік заң университетіне алғысымызды білдіреміз!

Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы