ТМЗУ-дегі кезекті онлайн-қонақ дәрісі

2023 жылғы 17 қазанда Қазақстан-Американдық еркін университеті мен Ташкент мемлекеттік заң университеті арасындағы өзара түсіністік туралы Меморандум шеңберінде құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі С.А.Мужчильдің «Қазақстан Республикасындағы процестік мәжбүрлеу шаралары» тақырыбында «Қылмыстық іс жүргізу құқығы» пәні бойынша ТМЗУ студенттері үшін онлайн-қонақ дәрісі өтті.

Савелий Александрович ТМЗУ студенттеріне процедуралық мәжбүрлеу шаралары, олардың түрлері мен мағынасы туралы айтты. Студенттер біздің оқытушыға Өзбекстан Республикасы мен Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша процестік мәжбүрлеу шараларының арақатынасы туралы сұрақтар қойды.

Іс-шара соңында құқық туралы викторина өткізілді. ТМЗУ студенттері викторинаның барлық сұрақтарына жауап бере отырып, жақсы нәтиже көрсетті.

ТМЗУ-не кезекті бірлескен іс-шара үшін алғыс айтамыз! ТМЗУ Қылмыстық іс жүргізу құқығы кафедрасының аға оқытушысы Рахимова Ульзана Хамидуллаевнаға ерекше алғыс!

Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы