ТМЗУ-дегі қонақ онлайн-дәрісі

2023 жылғы 20 қазанда Ташкент мемлекеттік заң университетінің студенттері үшін «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл» тақырыбында Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының аға оқытушысы С.А. Мужчильдің онлайн режимінде қонақ дәрісі өтті.

Студенттерге Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің құқықтық мәртебесі мен қызметінің негізгі бағыттары және Қазақстан Республикасындағы адам құқықтарын қорғау жөніндегі нормативтік-құқықтық база туралы егжей-тегжейлі айтылды. Сонымен қатар, студенттерге БҰҰ Комитеттерінің Қазақстан Республикасына қатысты шешімдері туралы кейстер көрсетілді.

ТМЗУ Халықаралық құқық және адам құқығы кафедрасының оқытушысы Шохрухбек Мирзатиллаұлы Тиллабаевқа ынтымақтастық үшін алғыс айтамыз!

Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы