ТМЗУ магистранттарына ҚАЕУ оқытушыларының онлайн-қонақ дәрісі

2023 жылғы 27 қазанда өзара түсіністік туралы Меморандум аясында ҚАЕУ құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының оқытушылары Мужчиль Савелий Александрович пен Жүніспеков Ермек Мұхамеджанұлы Ташкент мемлекеттік заң университетінің магистранттарына «Сот шешімдерін қайта қарау» тақырыбында онлайн-қонақ дәріс өткізді.

Магистранттарға Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша сот шешімдерін қайта қарау рәсімі туралы айтылды. Біздің оқытушыларымызға сот шешімдерін қайта қарау кезінде жасанды интеллектті қолдану мүмкіндігі мен қылмыстық және азаматтық істер бойынша сот шешімдерін қайта қарау саласындағы қазақстандық заңнаманың ерекшеліктеріне қатысты түрлі сұрақтар қойылды. Біздің әріптестеріміз магистранттардың барлық сұрақтарына жауап берді.

ТМЗУ «Қылмыстық іс жүргізу құқығ» кафедрасының профессоры Сүйінова Дильбар Жолдасбайқызы мен ТМЗУ «Қылмыстық іс жүргізу құқығы» кафедрасының аға оқытушысы Рахимова Ульзана Хамидуллақызының ынтымақтастығы үшін алғыс айтамыз!

Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы