Бакалавриат

Бакалавриат – таңдалған мамандық бойынша жоғары білім алғысы келетін мектептер мен колледждердің түлектеріне арналған жоғары білімнің бірінші кезеңі.

ҚАЕУ-де бағыттар бойынша мамандарды неғұрлым сапалы және фокусты дайындауға мүмкіндік беретін оқыту бағыттары бойынша кафедралар құрылды.

  • “Шет тілдер”кафедрасы
  • “Құқық және халықаралық қатынастар” кафедрасы
  • “Педагогика және психология” кафедрасы
  • “Бизнес” Кафедрасы

ЖОО моделі екі бағдарламаны қамтиды: американдық және қазақстандық. Қамқоршылық кеңес пен “Co-serve International” (АҚШ) ұйымының көмегімен американдық бағдарлама шеңберінде келесі білім беру бағдарламалары бойынша бакалаврларды даярлау жүзеге асырылады:

  • 6B01703 ” Шет тілі: екі шет тілі (ағылшын)”
  • 6B02301 “Аударма ісі”
  • 6B03101 “Халықаралық қатынастар”
  • 6B04102 “Менеджмент”
  • 6B06101 “Ақпараттық жүйелер”
  • 6B11101 “Туризм”

Американдық бағдарлама:

  • шетелдік және қазақстандық оқытушылармен ағылшын тілінде пәндерді оқу;
  • қосымша мамандандыру (minor);
  • ҚАЕУ халықаралық бағдарламаларына қолжетімділік (АҚШ-тағы тәжірибе; ” Халықаралық көшбасшылық);

Американдық бағдарламаның түлектері:

  • ағылшын тілін жетік меңгерген;
  • мәдениетаралық қарым-қатынастың айтарлықтай тәжірибесі бар;
  • жаһандық көзқарасқа ие;
  • американдық бағдарламаны аяқтау туралы диплом алады.

Оқыту 3 тілдің бірінде өтеді:

қазақ, орыс немесе ағылшын.

Оқыту түрі:

  • күндізгі, күндізгі-қысқартылған (колледжден кейін, тиісті мамандыққа түсу кезінде, екінші ЖОО-дан кейін жоғары білім алу үшін).

Оқу аяқталғаннан кейін “Бакалавр”академиялық дәрежесі берілген бакалавр дипломы беріледі.

Бакалавриатқа қабылдау шарттары:

Бакалавриат бағдарламаларына құжаттарды қабылдау түсу қағидаларына сәйкес конкурстық негізде талапкерлердің өтініші негізінде жүзеге асырылады:

  1. Мектеп түлектері, өткен жылдар түлектері үшін – Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) нәтижелері бойынша;
  2. Колледж түлектері үшін – егер грантта оқығысы келсе ҰБТ нәтижелері бойынша, немесе ақылы бөлімге сұхбат нәтижелері бойынша.
  3. ЖОО түлектері үшін – ақылы бөлімге сұхбат нәтижелері бойынша.

Назар аударыңыз!

Мектеп түлектері үшін ҰБТ өту ұпайлары:

  • “Педагогикалық ғылымдар” саласы бойынша – кемінде 75 балл;
  • “Құқық” даярлау бағыты бойынша – кемінде 75 балл;
  • Қалған білім беру бағдарламалары бойынша – кемінде 50 балл.

Колледж түлектері үшін ҰБТ өту балы:

  • “Педагогикалық ғылымдар” саласы бойынша – кемінде 35 балл;
  • Қалған білім беру бағдарламалары бойынша – кемінде 25 балл.
    Бұл ретте ҰБТ және (немесе) шығармашылық емтиханның әрбір пәні бойынша кемінде 5 ұпай жинау қажет.

Бұл ретте ҰБТ және (немесе) шығармашылық емтиханның әрбір пәні бойынша (Математикалық сауаттылық және Оқу сауаттылығы үшін кемінде 3 ұпай) кемінде 5 ұпай жинау қажет.

Назар аударыңыз!

Американдық бағдарламаға түсушілер міндетті түрде ағылшын тілінен тестілеуден және сұхбаттасудан өтеді. Шет тілін меңгерудің халықаралық сертификаттары бар талапкерлер тестілеуден және сұхбаттасудан босатылады.

Оқуға қабылдау үшін қажетті құжаттардың тізімі

Мемлекеттік білім беру грантын беру жөніндегі конкурсқа қатысу үшін және ақылы бөлім үшін қажетті құжаттардың тізімі:

  1. жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім туралы құжат (түпнұсқа);
  2. жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі, түпнұсқасы және көшірмесі);
  3. Өлшемі 3 x 4 сантиметр болатын 4 фотокарта;
  4. 075/у нысаны бойынша медициналық анықтама;
  5. денсаулық паспорты (немесе 063 нысанды егу картасы);
  6. Ұлттық бірыңғай тестілеу сертификаты – ҰБТ;
  7. мемлекеттік білім беру грантын алуға басым құқықты растайтын құжат (бар болса);
  8. тіркеу куәлігі немесе әскери билет (ұлдар үшін, көшірмесі);

Шетелдік студенттер үшін

Шетелдік азаматтарды ақылы негізде оқуға қабылдау Қабылдау комиссиясы күнтізбелік жыл ішінде өткізетін сұхбаттасу нәтижелері бойынша жүзеге асырылады. Шетелдік азаматтарды қабылдау академиялық күнтізбеге сәйкес келесі академиялық кезең басталғанға дейін 5 (бес) күн бұрын жүзеге асырылады.

Шетелдік студенттер үшін қосымша келесі құжаттарды ұсыну қажет:

  1. Оқудан өтуге кедергі келтіретін аурулардың жоқтығын растайтын медициналық анықтама;
  2. Медициналық сақтандыру;
  3. Соттылығының бар немесе жоқтығын растау туралы анықтама.
    Ескерту:
    Шет тілінде ұсынылатын құжаттардың қазақ немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырған аудармасы болуға тиіс. Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар оқудың бірінші семестрі ішінде адамдарды қабылдағаннан кейін заңнамада белгіленген тәртіппен нострификациялау рәсімінен өтеді.