Тұран-Астана университетінің доценті ҚАЕУ Ректорының алғыс хатымен марапатталды

Өзара ынтымақтастық туралы Шарт шеңберінде Тұран-Астана университетінің Ұлттық және халықаралық құқық кафедрасының доценті, заң ғылымдарының кандидаты Егізбаев Нұргелді Оразгелдіұлы ҚАЕУ студенттеріне дәріс өткізді. Бұл ҚАЕУ мен Тұран-Астана университетінің өзара іс-қимылын нығайтудағы тағы бір қадам болды.

ҚАЕУ-мен белсенді ынтымақтастығы үшін Н.О.Егізбаев ҚАЕУ Ректоры, PhD докторы Айдар Ережепұлы Мәмбетқазиевтің алғыс хатымен марапатталды.

Тұран-Астана университетімен одан әрі тиімді ынтымақтастыққа қуаныштымыз!

Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы