1 қарашадан бастап ҚАЕУ-де «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2022» байқауының бірінші кезеңі басталады

2022 жылдың 1 қарашасында Қазақстан-Американдық еркін университетінде «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2022» байқауының бірінші кезеңі басталады.

Байқауға құжаттарды тапсыру сәтінде кемінде бес жыл үздіксіз ғылыми-педагогикалық өтілі бар ҚАЕУ-нің штаттық оқытушылары болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

Байқаудың I кезеңіне қатысу үшін үміткерлер Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ақпараттық жүйесі арқылы https://universitycontest.iac.kz/bestlecturer/ «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру қағидаларына сәйкес, жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 2020.10.30 № 466 бұйрығымен, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 124 бұйрығымен бекітілген, мынадай құжаттарды тапсырады:

  1. «ЖОО-ның үздік оқытушысы» атағын беру байқауына қатысуға арналған нысан бойынша өтінім (1-қосымша);
  2. Сапалық және сандық көрсеткіштерге сәйкес мәліметтер (2-қосымша);
  3. Жылдық жұмыс жоспары-кестесі (қосымша-3);
  4. Кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақша;
  5. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
    Байқауға қатысу үшін құжаттарды тапсыру мерзімі: 2022 жылғы 1-10 қараша (қоса алғанда) аралығында.

Байқауға ұсынылған құжаттар қызметкерлер мен профессорлық-оқытушылық құрамынан тұратын сараптамалық топ жүзеге асыратын сараптамадан өтеді.

Қорытындылар ҚАЕУ Комиссиясының қарауына беріледі. ҚАЕУ Комиссиясы сараптамалық топтың қорытындысы негізінде «ЖОО-ның үздік оқытушысы»атағын беруге байқаудың 2-ші республикалық кезеңіне қатысуға үміткерлердің байқаулық құжаттамасын шығарады және жібереді.

ҚАЕУ Комиссиясының шешімі хаттамамен ресімделеді және ҚАЕУ-нің ресми интернет-ресурсында жарияланады.

Барлық сұрақтар бойынша Ғылыми-зерттеу

бөліміне хабарласыңыз,

ҚАЕУ, М. Горький көшесі, 76, 112-кабинет,

Наталья Алексеевна Мошенская,

ұялы тел.+77055402684