Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің студенттері үшін кәсіптік бағдар беру кездесуі

Қазақстан-Американдық еркін университеті Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің студенттері үшін танымдық кездесу өткізді.

Жиынға спикерлер қатысып, жиналғандармен өз тәжірибелері  және білімдерімен бөлісті. Олардың қатарында ҚАЕУ университетінің президенті – Мәмбетқазиев Ережеп Әлхайырұлы, халықаралық бағдарламалар және ынтымақтастық жөніндегі вице-президенті – Дэниэль Бэлласт, қысқартылған білім беру бағдарламалары факультетінің деканы – Надежда Михайловна Шефер, педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі – Нұрланова Әсем Нұрланқызы, маркетинг және қабылдау бөлімінің  жетекшісі – Азамат Бердібекұлы болды.

Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің студенттері спикерлерге сұрақтар қоюға, оқу бағдарламалары, тағылымдамалар және ҚАЕУ ұсынатын басқа да мүмкіндіктер туралы білуге ​​мүмкіндік алды.