Ағылшын тілінен «Striving for Excellence» өңірлік олимпиадасы

2023 жылғы 5 мамырда Қазақстан-Американдық еркін университетінде 9-11 сынып оқушылары мен колледждердің 1-2 курс студенттері арасында ағылшын тілінен жыл сайынғы «Striving for Excellence» Аймақтық олимпиадасы өтті. Мұндай олимпиада жақсы дәстүрге айналды және биыл 16-рет өткізілді. Олимпиаданың ашылу салтанатына ҚАЕУ-нің халықаралық бағдарламалар және ынтымақтастық жөніндегі вице-президенті Даниэль Бэлласт қатысты, ал Fulbright бағдарламасының стипендиаты Дежавис Боскет (АҚШ) қазылар алқасының бірі ретінде сөз сөйледі.

Олимпиадаға барлығы 216 адам қатысты (54 команда). Бірінші турдың нәтижелері бойынша екінші турға қатысуға 25 команда жіберілді. Екінші турдың барлық қатысушылары ағылшын тілін жақсы білетіндіктерін, сөйлеу дағдыларын, кең ой-өрісін және  күйзелісті жеңе білетіндіктерін көрсетті. Бәсекелестік нәтижесінде келесі командалар олимпиада жүлдегерлері атанды:

1 орын «Шәкәрім атындағы»№ 1 орта мектебі» КММ                                                                «Математика физика, информатика саласында дарынды балаларға арналған облыстық-мамандандырылған мектеп-лицейі» КММ    
2 орынШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№7 орта мектебі»  «№10 мектеп-гимназия» КММ
3 орынШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша ББ «Сағадат Нұрмағамбетов атындағы №4 орта мектебі» КММШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№12 мектеп -гимназиясы» КММ

Жеңімпаз командалардың қатысушылары шет тілдері кафедрасының білім беру бағдарламаларында 20%, 15% және 10% көлемінде сертификаттар мен оқуға жеңілдік алды.

Сонымен қатар, «Өскемен жоғары политехникалық колледжі» КМҚК оқушысы Крейн Даниил тілдік білім беру бағдарламаларының бірінде ҚАЕУ-де оқудың барлық жылдарына арналған конкурстың гран-при – грантын алды.

Біз жеңімпаздарды құттықтаймыз және олимпиаданың барлық қатысушыларына ағылшын тілін үйренуде табыс тілейміз!

Шет тілдері кафедрасы