«ALTAI» телеарнасы алпыс бес жылдық мерейтойын атап өтті

«ALTAI» телеарнасы – Кенді Алтай тұрғындарының тыныс-тіршілігі мен әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси дамуы турасында нақты ақпарат таратып, мемлекеттік даму бағдарламаларының орындалу барысы туралы халықты хабардар етіп отыр.

Биыл «ALTAI» телеарнасына 65 жыл толып отыр. Қазақ телевизиясының шығыстағы айнасы болған жаңалық жаршысының қызмет атқарып жатқанына биыл жарты ғасырдан астам уақыт толды. Болашақ әріптестеріміз көзіқырақты көрерменге мазмұнды, озық дүниелерді ұсынып келеді. Атаулы іс-шараға Қазақстан-Американдық еркін университетінің «Журналистика» білім беру бағдарламасының студенттері қатысып, өңіріміздегі БАҚ саласының бетке ұстар арналарының тарихымен танысып қайтты.

Құрметті «ALTAI» телеарнасының ұжымы! Сіздерді 65 жылдық мерейтойларыңызбен  шын жүректен құттықтаймыз! Ізгі тілекпен: Қазақстан-Американдық еркін университетінің журналистері