АҚШ елшілігінің сертификаттарын тапсыру

2023 жылғы 5 мамырда АҚШ елшілігінің «Медиа сауаттылық қоғамның жалған ақпаратқа төзімділігін арттыру үшін жасөспірімдер, кәсіби журналистер мен ЖОО оқытушылары арасында медианы тұтынудың құзыретті қоғамын қалыптастырудың кілті ретінде» халықаралық жобасының сертификаттарын табыстаудың салтанатты рәсімі өтті.

Екінші лекті оқытуға Өскемен қаласының келесі білім беру мекемелерінің білім алушылары қатысты:

  1. «Ы. Алтынсарин атындағы № 39 орта мектебі» КММ;
  2. «№ 24 орта мектеп» КММ;
  3. ҚАЕУ Жоғары колледжі;
  4. Қазақстан-Американдық еркін университеті.

Тапсыру рәсімін ҚАЕУ халықаралық байланыстар жөніндегі вице-президенті Дэниэль Бэлласт ашты, ол жобаның маңыздылығын және оның қазіргі  өмірдегі өзектілігін атап өтті.

Қазақстанның медиа нарығы кеңейіп, әртараптандырылуда, объективті, кәсіби журналистикаға сұраныс туындайды; сонымен бірге жаңалықтарды, оқиғаларды және ақпарат алмасуды онлайн-тұтыну рекордтық деңгейде болып отыр. Жасөспірімдердің қазіргі ұрпағын «блогерлер ұрпағы» деп атауға болады – олардың ойлары мен бейне жазбалары мазмұнға айналады және олар бұқаралық ақпарат құралдарына айналады. Олардың Интернетте танымал болуға деген құштарлығы бар және көбінесе бұл тілек  дұрыс мағынаны бұғаттайды. Бүгінгі таңда медиа сауаттылық – бұл ХХІ ғасырдағы адамның  жалған мәліметке қоғамдық тұрақтылықты қалыптастыратын маңызды дағдысы болып отыр.

Тапсыру рәсіміне мектеп директорлары Г.К. Абюрова, Л.М. Мәуітхан, ҚАЕУ Жоғары колледжінің директоры М.И. Кикина қатысты.

Өз сөздерінде мектеп директорлары бүгінде цифрландыру дәуірі екенін және бәсекеге қабілетті болу үшін қоршаған әлемдегі өзгерістерге ілесу керектігін атап өтті.

Жұртшылықпен байланыс орталығы