«Бизнес» кафедрасының меңгерушісі

Бордияну Илона Владимировн

А.Ж.Т.:Бордияну Илона Владимировна

доктор PhD,  «Бизнес»кафедрасының меңгерушісі

Мекен жайы: М.Горький к., каб. 401, тел. 8/7232/50-28-58

Эл.адрес: bordiyanuilona@mail.ru

Бордияну Илона Владимировна – 1976 жыл тумасы, білімі жоғары, доктор PhD

Педагогикалық жұмыс өтілімі– 15 жыл.  2001 жылы Орталық-Азиялық Университетін аяқтады, Алматы қаласында  «Қаржы және несие» мамандығы бойынша «Экономист» біліктілігі берілді. 2001 – 2004 жылдар аралығында Қазақстан-Американдық еркін университетінің магистратурасында «Менеджмент» мамандығы бойынша оқыды. 2004 – 2011 жылдар аралығында Қазақстан- Американдық еркін университетінде халықаралық байланыстар мен бағдарламалар бойынша  менеджер қызметін атқарды. 2011 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-інде докторлық диссертацияны қорғап шықты « Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде ұйымдастыруды және дистанционды оқытуды басқаруды жетілдіру» тақырыбы бойынша және 2012 жылдың сәуірінде ККСОН ҚР БҒМ шешімімен Экономика және бизнес докторы ғылыми дәрежесі берілді. 2011 жылдың ақпан айында «Бизнес» кафедрасының меңгерушісі болып тағайындалды. ҚАЕУ қызмет ету кезінде университеттің кәсіптік дамыту бағдарламаларына және түрлі семинарлар мен ғылыми конференцияларға қатысты.  Лекциялық және тәжірибелік сабақтарды жаңа ғылыми-экономикалық әдебиеттер, ақпаратты жаңа әдіспен беру, арнайы периодикалық басылымдарды қолдануы И.В.  Бордиянудың теориялық пен әдістемелік деңгейінің жоғарғы біліктілігін сипаттайды, жоғарғы оқу орнындағы оқытушылардың талабына сай. Бордияну И.В. оқытушы қызметін атқару кезінде көптеген курстар жасалынды және олар оқылуда: бакалавриатта «Қаржы», «Корпоративтік қаржы», «Қаржылық менеджмент»; магистратурада «Қаржылар теориясы», «Халықаралық қаржылық нарықтар», «Корпоративтік қаржы». Оқылатын курстар керекті ғылыми-әдістемелік құжаттармен қамтамасыз етілген.  Бордияну И.В. оқу-әдістемелік жұмыстармен қатар ғылыми қызметтпен де айналысады, халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларға қатысады, журналдарда басылымдары да басылуда, ғылыми студенттік конференцияларды ұйымдастыруға белсенді қатысады. Басылымға шыққан 55 ғылыми-әдістемелік жұмыстардың авторы.Бордияну И.В. өзінің жоғары кәсіпкерлік деңгейімен , ұйымдастырушылық қабілеттілігімен, оқу үдерісін жақсартуға құлшысының жоғары болуымен, жаңа идеялар мен технологияларды енгізуімен ерекшеленеді.