“Бизнес, құқық және педагогика” факультетінің деканы
Т.А.Ә.: Мензюк Галина Анатольевна – з.ғ.к., доцент, «Бизнес,
құқық және педагогика» факультетінің деканы
Мекен жайы: М.Горький к. 76, каб 219
Эл.мекен жайы: menzjuk@mail.ru
Телефон: 50-50-14
Мензюк Галина Анатольевна – ұлты орыс, заң ғылымдарының кандидаты, доцент.
Жалпы жұмыс өтілі – 27 жыл, соның ішінде ЖОО-да 15 жыл.
Білімі:
- 1984-1989ж.ж. – ӨПИ, мамандығы- «Тарих», қосымша мамандығы – «Педагогика», біліктілігі «Тарих, қоғамтану мұғалімі, тәрбие жұмысы бойынша әдіскер».
- 1993-1997ж.ж. – ШҚМУ, заң факультеті, мамандығы –«Құқықтану», біліктілігі «Заңгер».
- 1998 – 2002ж.ж. – 12.00.02 – конституциялық құқық; муниципалдық құқық; әкімшілік құқық; қаржылық құқық мамандығы бойынша ізденуші.
Ғылыми дәрежесі: заң ғылымдарының кандидаты (2002ж.), 12.00.02 – конституциялық құқық; муниципалдық құқық; әкімшілік құқық; қаржылық құқық мамандығы бойынша «Қазақстан Республикасында кеден ісін басқарудың ұйымдастырушылық-құқықтық мәселелері» тақырыбындағы заң ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесіне ізденуші диссертациясы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы қаласы.
Ғылыми атағы: «Құқықтану» мамандығы бойынша доцент (2011ж.).
Еңбек қызметі:
- 1989-1997ж.ж. – Өскемен қаласының №26 орта мектебі, тарих мұғалімі, оқу-тәрбие ісі бойынша мектеп директорының орынбасары;
- 1997-2001ж.ж. – ШҚМУ, заң факультеті, конституциялық құқық кафедрасының оқытушысы, заң факультеті деканының орынбасары;
- 2001-2002ж.ж. – ШҚМУ, Экономика және құқық институты директорының оқу ісі бойынша орынбасары;
- 2002 ж.-қазіргі кезге дейін – Қазақстан-Американдық еркін университеті «Бизнес, құқық және педагогика» факультетінің деканы.
Негізгі ғылыми еңбектері:
80 –ге жуық ғылыми еңбек, соның ішінде оқу құралдары – «Кеден ісі» (2008), «ЕАЭО құқығы» (2016). Ғылыми мақалалары Алматы, Астана, Портланд (АҚШ) қалаларында жарық көрген: «Қазақстан Республикасындағы кеден органдарының құқықтық мәртебесі жайлы» (ҚазҰУ Хабаршысы, заңтану сериясы, №1(22), 2002), «Кеден ісі саласындағы жеңілдіктер: Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы заң шығарушылығына салыстырмалы талдау» (Фемида № 11. 2005), «Кеден тәртібі институтына теориялық – құқықтық талдау жасау» (Фемида. №12.2006), «Декларациялаудың процессуалды-құқықтық алғышарттары: салыстырмалы талдау» (Фемида №3 2009), «Әкімшілік-құқықтық тәртіп жүйесіндегі еркін құрылым» (Әділ сот, №1, 2010), «Model of legal support of interstate customs integration of the Eurasian economic community» (Portland, Oregon, USA. – October 26-27, 2012); «Еуразиялық экономикалық одақтың заңнамалық табиғаты» (Наука и жизнь Казахстана, Астана, №1, 2016ж.), «Адам мен азамат құқықтарын сот органдарының қорғауын қамтамасыз етуге бағытталған конституциялық ережелерді жүзеге асыру проблемалары» (ҚАЕУ Хабаршысы: білім беру мен қоғамның саяси-құқықтық проблемалары. – №4. – Өскемен, 2015)
Халықаралық конференцияларға, жобаларға қатысу.
- «Қазақстан тәуелсіздігінің 10 жылдығы: нәтижелер мен даму болашағы» халықаралық ғылыми конференция – (Алматы: 2001), «Транзиттік қоғамның әлеуметтік-экономикалық және саяси-құқықтық модернизациясының мәселелері: «Тұран» университетінің республикалық ғылыми- практикалық конферениясының материалдары» -(Астана, 2004).
- «Үлкен Еуропа: Орталық Азия, Оңтүстік Кавказ бен ТМД батыс елдерінің саудасына әрекеттестік» БҰҰДБ жобасына қатысу (Грузия, Тбилиси қ., 2011г.).
- Кристиана Альбрехт университетінің (Килль қ.) құқықтанушылар қоғамының жұмысына қатысу, Шығыс-Еуропалық құқық институтының ғалымдарымен ортақ ғылыми-зерттеушілік жұмыс жасау (Шығыс-Еуропалық құқық институтының шақыруы, 2011г.).
- 2015 жылдың ақпан-наурызында ҚАЕУ мен Co-Serve International АҚШ фондының халықаралық серіктестігі бағдарламасы шеңберінде «Visiting International Professor» кәсіби даму бағдарламасы бойынша Warner Pacific университетінде оқыды (Портланд қаласы, Орегон штаты, АҚШ). For completing with excellence the 2015 Servant Leadership Academy for Visiting International Educators сертификаты.
Мадақтаулар:
- Қала әкімі атынан ҚАЕУ ұйымдастыру мен құруға елеулі үлес қосқаны үшін алғыс хат (2004 ж.);
- Білім беру жүйесіндегі ерен еңбегі мен жоғары білікті мамандарды дайындағаны үшін ШҚО әкімінің атынан мақтау қағазы (2014 ж.);
- «Білім беру жүйесіндегі еңбегі мен Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік даму жолындағы жетістіктері үшін» ҚР Білім мен Ғылым Министрінің Құрмет грамотасы (2014 ж.).
Г.А. Мензюк керемет ұйымдастырушылық қабілеттерге ие, оқу және тәрбие жұмысын жемісті ұйымдастырып, бақылайды, факультет пен университет деңгейіндегі іс-шараларды дайындауға белсенді атсалысады. Ғылыми зерттеулер нәтижелері мен оқытудағы жаңа әдістерді, оқу үрдісінің толық әдістемелік кешенін пайдалана отырып өткізетін сабақтарының жоғары теориялық деңгейі кафедра отырыстарында, студенттерден әлеуметтік сауалнама өткізілгенде сан рет аталып өткен. Студенттер мен магистранттардың зерттеушілік жұмыстарына жетекшілігі диплом, магистрлік зерттеулер түрінде жүзеге асып отырады. Бұл зерттеулердің нәтижелерімен студенттер және магистранттар халықаралық, республикалық ғылыми-практикалық конференцияларға қатысады. Басқару мен оқытудағы нәтижелі қызметі және ғылыми-зерттеушілік жұмысқа деген байыпты қарым-қатынасы үйлесіп отырады. Жақсы оқытушы, талантты ұйымдастырушы, әдепті және жан-жақты адами қасиеттері бар Мензюк Г.А. оқытушылар мен студенттер арасында өте сыйлы.