Искендирова Фатима Велибековна
Білімі:
- 1996-2001 ж.ж. ШҚМУ, «Психология: білім беру саласындағы практикалық психолог» , үздік диплом
- 2007–2009 ж.ж. ҚАЕУ, «Менеджмент» мамандығы бойынша магистратура
- 2009-2012 ж.ж. ҚАЕУ, «Менеджмент» мамандығы бойынша докторантура
- 2013 ж.- «Кәсіпорында корпоративтік қауіпсіздік қалыптастырудағы жүйелі әдіс» тақырыбындағы докторлық диссертацияны қорғау
Жұмыс тәжірибесі:
2003 жылдан осы күнге дейін ҚАЕУ-дің «Педагогика және психология» кафедрасында доцент қызметін атқарады. 90-нан астам ғылыми еңбектері, соның ішінде нөлдік емес импакт факторы бар (Киев, Украина) шетелдік басылымдардағы жарияланымдары бар. Ғылыми еңбектерінің ішінде: «Кәсіпорында корпоративтік қауіпсіздік қалыптастырудағы жүйелі әдіс» монографиясы «Менеджмент» мамандығында оқитын магистранттарға әдістемелік нұсқау ретінде, сондай-ақ «Ұжымдық қауіпсіздік негіздері» атты оқу-әдістемелік құрал.
Жетістіктері:
2007 жылдан бастап оқыту үрдісіне кейс-стади инновациялық технологиясы енгізілді.
2003 жылдан бері кәсіби тәжірибелік қызмет шеңберіндегі біліктілігін үздіксіз арттырып отырады. «Тренинг для тренеров», «Ключевые навыки управления», «Сертификация управленческого консалтинга», «Теневая экономика и экономическая безопасность»,«Оценка эффективности и пути совершенствования образовательных программ вуза» сертификаттары бар.
ҚР экономика саласындағы жетекші қызметкерлердің біліктіліктерін арттыру курстары, Көшбасшылық курстары, т.б.
2014 жылы «Оқу – тәрбие жұмысын ұйымдастыру мен жетілдірудегі жемісті еңбегі үшін» мақтау қағазымен марапатталды.
2006 жылдан бастап ұйымның қамтасыздандырылуы мен дамуы, кадрлық аудит, кадрларды іріктеу мен орналастыру сұрақтары бойынша ҚР кәсіпорындарында бизнес-жаттықтырушы рөліндегі кеңес беру қызметін жүзеге асырып келеді.