Практикадан өту орындары

Кәсіби практика университетте оқу барысында алынған теориялық білімдерді бекіту, практикалық дағдылар мен құзіреттіліктерге ие болу және озық тәжірибені меңгеруге бағытталған. Кафедралардың мамандықтарына сәйкес практикалардың келесідей түрлері болады:  оқу, педагогикалық, өндірістік және дипломалды.

Практикаларды өткізу үшін жарғылық қызметі мамандарды дайындау саласына сәйкес келетін, кәсіби практиканы басқаруды жүзеге асыратын білікті мамандары және материалдық-техникалық базасы бар ұйымдармен келісім-шарт жасалған.

Практикалар базалары болып табылатындар: № 9, 29, 46 орта мектептері КММ, «№3 мектеп-лицейі» КММ, ҚАЕУ Колледжі ЖШС, «Шығыс-Қазақстан облыстық спорттың жазғы түрлері бойынша жоғары спорт шеберлігі мектебі» КММ, «Шығыс-Қазақстан облыстық спорттың ойын түрлері бойынша кешенді мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв спорт мектебі» КММ, «Шығыс-Қазақстан облыстық ауыр атлетика бойынша мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв спорт мектебі» КММ, Өскемен қаласы әкімдігінің «Отбасы және балалықты қорғау орталығы» КМҚК, «Надежда» психологиялық орталығы, «6699 әскери бөлімі» РММ, ««Устинка плюс» газетінің редакциясы» ЖШС, «Шығыс ақпарат» ЖШС, «Регион баспа үйі» ЖШС, Қазақстан РТРК АҚ ШҚО филиалы.