«Қысқартылған білім беру бағдарламалары» факультеті
«Қысқартылған білім беру бағдарламалары» факультеті бакалавриаттың 22 білім беру бағдарламасы бойынша дайындық жүргізеді. Оқыту мемлекеттік тіл және орыс тілінде техникалық, кәсіптік және жоғары білім беру базасында оқу шығындарын толық өтей отырып мемлекеттік білім беру гранттары бойынша жүргізіледі.
Факультет құрамында 4 кафедра жұмыс істейді: «Бизнес», «Құқық және халықаралық қатынастар», «Шет тілдері», «Педагогика және психология». Факультеттің оқу процесін ҚАЕУ кафедраларының профессорлық-оқытушылық құрамы қамтамасыз етеді.
Мамандарды даярлау Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес жүзеге асырылады. Сабақтар кредиттік оқыту технологиясына сәйкес жүзеге асырылады.
Факультет «Қашықтықтан оқыту бойынша білім беру ұйымдарына қойылатын талаптар және қашықтықтан оқыту бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидалары мен жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламалары бойынша онлайн-оқыту нысаны» шеңберінде аудиториялық, сондай-ақ қашықтықтан сабақ беруді қамтамасыз етеді (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 137 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 22 сәуірде № 10768 болып тіркелді.). Қашықтықтан оқыту технологиясын ҚАЕУ сайтында орналасқан «Moodle» бағдарламасы қамтамасыз етеді.
Факультет қызметінің мазмұны мен технологиясы іргелі және кәсіби білімді ғана емес, сонымен қатар өзін-өзі дамыту және басқа адамдармен бірлестік құру қабілеттерін дамытатын білім алушылардың жеке, шығармашылық және кәсіби өсуіне бағытталған. Құрмет пен өзара сенім атмосферасы біздің студенттерді оқытудағы басты қағида болып табылады. Университеттің жетілген, кәсіби практикалық тәжірибесі бар профессорлық-оқытушылық құрамы контингенттің ерекшелігін ескереді.
Жоғары кәсіптік білім берудің білім беру бағдарламаларын табысты меңгерген, ғылыми қызметке бейімділік танытқан факультет түлектерінің магистратурада оқуын жалғастыруға мүмкіндігі бар.
Оқу процесін ұйымдастырумен деканат айналысады, оның құрамына декан Шефер Надежда Михайловна, факультет әдіскері Шарыпова Алтынқыз Бимухамбетқызы және офис тіркеуші Сәдібекова Меруерт Әбілхасымқызы кіреді.
Факультеттің білім беру бағдарламалары, оқу мерзімі және түлектерге берілетін дәрежелер туралы ақпарат кестеде келтірілген:
№ | Шифр | Білім беру бағдарламасы | Дәреже | Оқу мерзімі | |
ЖБ база-сында | ТжКБ база-сында | ||||
1 | 6В04105 | Мемлекеттік және жергілікті басқару | бизнес және басқару бакалавры | 2 жыл | 3 жыл |
2 | 6В03201 | Журналистика | әлеуметтік білімдер бакалавры | 2 жыл | 3 жыл |
3 | 6В01703 | Шет тілі: екі шет тілі (ағылшын) | білім беру бакалавры | 2 жыл | 3 жыл |
4 | 6В06101 | Ақпараттық жүйелер | ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласының бакалавры | 2 жыл | 3 жыл |
5 | 6В01701 | Қазақ тілі мен әдебиеті | білім беру бакалавры | 2 жыл | 3 жыл |
6 | 6В03101 | Халықаралық қатынастар | әлеуметтік білімдер бакалавры | 2 жыл | 3 жыл |
7 | 6В04102 | Менеджмент | бизнес және басқару бакалавры | 2 жыл | 3 жыл |
8 | 6В01301 | Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі | білім беру бакалавры | 2 жыл | 3 жыл |
9 | 6В02301 | Аударма ісі | тіл білімінің бакалавры | 2 жыл | 3 жыл |
10 | 6В03102 | Психология | әлеуметтік білімдер бакалавры | 2 жыл | 3 жыл |
11 | 6В01702 | Орыс тілі мен әдебиеті | білім беру бакалавры | 2 жыл | 3 жыл |
12 | 6В04204 | Құқық және кеден қызметі | құқық бакалавры | 2 жыл | 3 жыл |
13 | 6В04205 | Құқық және құқық қорғау қызметі | құқық бакалавры | 2 жыл | 3 жыл |
14 | 6В11101 | Туризм | қызмет көрсету саласының бакалавры | 2 жыл | 3 жыл |
15 | 6В04103 | Есеп және аудит | бизнес және басқару бакалавры | 2 жыл | 3 жыл |
16 | 6В01401 | Дене шынықтыру және спорт | білім беру бағдарламасы | 2 жыл | 3 жыл |
17 | 6В04104 | Қаржы | бизнес және басқару бакалавры | 2 жыл | 3 жыл |
18 | 6В04101 | Экономика | экономика бакалавры | 2 жыл | 3 жыл |
19 | 6В04201 | Құқықтану | құқық бакалавры | 2 жыл | 3 жыл |
20 | 6В11102 | Мейрамхана ісі және қонақүй бизнесі | қызмет көрсету саласының бакалавры | 2 жыл | 3 жыл |
21 | 6В03202 | Мұрағаттану және кітапхана-ақпараттық ісі | әлеуметтік білімдер бакалавры | 2 жыл | 3 жыл |
22 | 6В04108 | Маркетинг және PR менеджменті | бизнес және басқару бакалавры | 2 жыл | 3 жыл |