Мы работаем над мобильной версией
Маленький дисплей
Сайт еще не адаптирован для вашего разрешения экрана
Минимальное разрешение: 1280x800
Ваше разрешение: 
Закрыть

«Құқық және халықаралық қатынастар» кафедрасының білім беру бағдарламалары

МиссиясыҚұзыреттілік деңгейі жоғары және бірнеше тілді меңгерген бәсекеге қабілетті заңгерлерді дайындау
Мақсаты – негізгі және кәсіби құзыреттілік деңгейі жоғары бәсекелес заңгерлерді дайындау;
– білім алушылардың жеке қасиеттері мен қажеттіліктерін есепке ала отырып, өз бетімен жұмыс жасай білу және рефлексия жасау арқылы бәсекелестікке қабілетті заңгерлерді дайындау, сондай-ақ оқушылардың оқу нәтижелеріне жеке жауапкершілігін арттыру; 
– білім беру процесін түпкі нәтижеге бағдарлау-өз бетінше шешім қабылдай алатын және өз елінің жауапты азаматы бола алатын бәсекеге қабілетті заңгерлерді дайындау.
Кәсіби қызметінің объектілеріБітірушілердің кәсіби қызметінің объектілері құқық қорғау органдары; мемлекеттік билік пен басқарудың атқарушы және өкілетті органдары; сот; мемлекеттік және мемлекеттік емес кәсіпорындар; адвокатура; банктер; сақтандыру және аудиторлық компаниялар, білім беру ұйымдары болып табылады.
Берілетін дәреже6В04201 «Құқықтану» білім беру бағдарламасы бойынша құқық бакалавры.
МиссиясыКеден заңнамасының сақталуын жоғары сапалы деңгейде қамтамасыз етуге қабілетті құқық және кеден қызметі саласындағы жоғары білікті мамандарға қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыру.
МақсатыҚұқық және кеден қызметі саласында құзыреттіліктің қажетті деңгейіне ие бакалаврларды даярлау.
Кәсіби қызметінің объектілеріҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті және оның аумақтық бөлімшелері, құқық қорғау органдары, қаржы министрлігі және оның аумақтық бөлімшелері, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, мемлекеттік билік пен басқарудың сот, атқарушы және өкілді органдары; мемлекеттік және мемлекеттік емес кәсіпорындар; білім беру ұйымдары.
Берілетін дәреже6В04204 «Құқық және кеден қызметі» білім беру бағдарламасы бойынша құқық бакалавры.
МиссиясыҚұзыретінің жоғары деңгейіне ие, өз бетінше шешім қабылдауға және өз елінің жауапты азаматы болуға қабілетті құқық және құқық қорғау қызметі саласында білікті мамандарды даярлау.
Мақсатықұқық қорғау органдарын жоспарлы реформалау жағдайында талап етілетін, түйінді және кәсіптік құзыреттердің жоғары деңгейіне ие, Қазақстан Республикасының Құқық қорғау жүйесі үшін бәсекеге қабілетті мамандар даярлау.
Кәсіби қызметінің объектілеріҚұқық қорғау органдары; мемлекеттік билік пен басқарудың сот, атқарушы және өкілді органдары; мемлекеттік және мемлекеттік емес кәсіпорындар; адвокатура; білім беру ұйымдары.
Берілетін дәреже6В04205 «Құқық және құқық қорғау қызметі» білім беру бағдарламасы бойынша құқық бакалавры.
МиссиясыӨз бетінше шешім қабылдай алатын және өз елінің жауапты азаматы бола алатын, құзыреттілік деңгейі жоғары, бәсекелес заңгерлерді дайындау.
Мақсаты– негізгі және кәсіби құзыреттілік деңгейі жоғары бәсекелес заңгерлерді дайындау;
– білім алушылардың жеке қасиеттері мен қажеттіліктерін есепке ала отырып, өз бетімен жұмыс жасай білу және рефлексия жасау арқылы бәсекелестікке қабілетті заңгерлерді дайындау, сондай-ақ оқушылардың оқу нәтижелеріне жеке жауапкершілігін арттыру; 
– білім беру процесін түпкі нәтижеге бағдарлау-өз бетінше шешім қабылдай алатын және өз елінің жауапты азаматы бола алатын бәсекеге қабілетті заңгерлерді дайындау.
Кәсіби қызметінің объектілеріхалықаралық қатынастар, сыртқы саясат, мемлекетаралық қатынастар, халықаралық ұйымдар, институттар, қорлар мәселелерімен айналысатын аналитикалық орталықтар, ұйымдар, мемлекеттік және мемлекеттік емес бейіндегі институттар
Берілетін дәреже6B03101 «Халықаралық қатынастар» білім беру бағдарламасы бойынша әлеуметтік білім бакалавры
МиссиясыӨз бетінше шешім қабылдауға және өз елінің жауапты азаматы болуға қабілетті практикалық заң бағытындағы жоғары білікті магистрлерді даярлау.
Мақсаты– негізгі және кәсіби құзыреттердің жоғары деңгейіне ие практикалық заңгерлік бағыттағы жоғары білікті магистрлерді дайындау;
– магистранттардың жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, практикалық заңгерлік бағыттағы жоғары білікті магистрлерді оқыту, өзіндік қызмет пен рефлексияға баса назар аудару, сонымен қатар магистранттың оқу нәтижелері үшін жеке жауапкершілігін арттыру;
– білім беру процесінің түпкі нәтижеге бағдары-өз бетінше шешім қабылдауға және өз елінің жауапты азаматы болуға қабілетті, практикалық заң бағытындағы жоғары білікті магистрлерді даярлау.
Кәсіби қызметінің объектілеріМагистрлердің кәсіби қызметінің объектілері: құқықтық нормаларды іске асыру, заңдылықты және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету саласындағы қоғамдық қатынастар болып табылады
Берілетін дәрежеҚұқық магистрі
МиссиясыӨз бетінше шешім қабылдауға және өз елінің жауапты азаматы болуға қабілетті ғылыми-педагогикалық заң бағытындағы жоғары білікті магистрлерді даярлау.
Мақсаты– негізгі және кәсіби құзыреттерінің жоғары деңгейіне ие ғылыми-педагогикалық заң бағытындағы жоғары білікті магистрлерді даярлау;
-магистранттардың жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, ғылыми-педагогикалық заңгерлік бағыттағы жоғары білікті магистрлерді оқыту, өзіндік қызмет пен рефлексияға баса назар аудару, сонымен қатар магистранттың оқу нәтижелері үшін жеке жауапкершілігін арттыру;
– білім беру процесінің түпкі нәтижеге бағдары-өз бетінше шешім қабылдауға және өз елінің жауапты азаматы болуға қабілетті ғылыми-педагогикалық заң бағытындағы жоғары білікті магистрлерді даярлау.
Кәсіби қызметінің объектілеріМагистрлердің кәсіби қызметінің объектілері: құқықтық нормаларды іске асыру, заңдылықты және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету саласындағы қоғамдық қатынастар болып табылады.
Берілетін дәрежеЗаң ғылымдарының магистрі
МиссиясыӨз бетінше шешім қабылдауға және өз елінің жауапты азаматы болуға қабілетті практикалық бағыттағы жоғары білікті магистрлерді даярлау.
Мақсаты– негізгі және кәсіби құзыреттіліктің жоғары деңгейіне ие практикалық бағыттағы жоғары білікті магистрлерді дайындау;
– магистранттардың жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, практикалық бағыттағы жоғары білікті магистрлерді оқыту, өзіндік қызмет пен рефлексияға баса назар аудару, сонымен қатар магистранттың оқу нәтижелері үшін жеке жауапкершілігін арттыру;
– білім беру процесінің түпкі нәтижеге бағдары-өз бетінше шешім қабылдауға және өз елінің жауапты азаматы болуға қабілетті, практикалық бағыттағы жоғары білікті магистрлерді даярлау.
Кәсіби қызметінің объектілеріБейінді дайындық кезіндегі магистрлердің кәсіби қызметінің объектілері: талдау орталықтары; халықаралық қатынастар, сыртқы саясат, мемлекетаралық және өңіраралық байланыстар мәселелерімен айналысатын мемлекеттік және мемлекеттік емес бейіндегі ұйымдар, мекемелер; халықаралық, сондай-ақ өңірлік бағыттағы ұйымдар, институттар, қорлар; ҮЕҰ (үкіметтік емес ұйымдар) болып табылады.
Берілетін дәрежеӘлеуметтік білім магистрі
МиссиясыӨз бетінше шешім қабылдауға және өз елінің жауапты азаматы болуға қабілетті халықаралық қатынастар саласындағы ғылыми-педагогикалық бағыттағы жоғары білікті магистрлерді даярлау.
Мақсаты– халықаралық қатынастар саласында ғылыми-педагогикалық бағыттағы, түйінді және кәсіби құзыреттердің жоғары деңгейіне ие жоғары білікті магистрлерді даярлау;
– дербес қызмет пен рефлексияға баса назар аудара отырып, магистранттардың жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, Халықаралық қатынастар саласында ғылыми-педагогикалық бағыттағы жоғары білікті магистрлерді оқыту, сондай-ақ магистранттың оқу нәтижелері үшін жеке жауапкершілігін арттыру;
– білім беру процесінің түпкі нәтижеге бағдары-Халықаралық қатынастар саласында ғылыми-педагогикалық бағыттағы жоғары білікті, өз бетінше шешім қабылдауға және өз елінің жауапты азаматы болуға қабілетті магистрлерді даярлау.
Кәсіби қызметінің объектілеріҒылыми және педагогикалық даярлық кезіндегі магистрлердің кәсіби қызметінің объектілері: жоғары оқу орындары; ғылыми-зерттеу мекемелері; талдау орталықтары; халықаралық қатынастар, сыртқы саясат, мемлекетаралық байланыстар мәселелерімен айналысатын мемлекеттік және мемлекеттік емес бейіндегі ұйымдар, мекемелер; халықаралық ұйымдар, институттар, қорлар болып табылады; ҮЕҰ (үкіметтік емес ұйымдар).
Берілетін дәрежеӘлеуметтік ғылымдар магистрі
МиссиясыӨз бетінше шешім қабылдауға, өзін-өзі жетілдіруге және өз елінің жауапты азаматы болуға қабілетті ғылыми-педагогикалық заң бағытындағы жоғары білікті PhD докторларын даярлау.
МақсатыҒылыми-педагогикалық заңгерлік бағыттағы жоғары білікті PhD докторларын даярлау.
Кәсіби қызметінің объектілеріДокторлардың кәсіби қызметінің объектілері: құқықтық нормаларды іске асыру, заңдылық пен құқық тәртібін қамтамасыз ету саласындағы қоғамдық қатынастар (ғылыми-зерттеу; педагогикалық; талдамалық; консалтингтік; құқық қорғау; құқық қолдану) болып табылады.
Берілетін дәрежефилософия докторы (PhD)