Қаеу-дегі біздің өміріміз туралы тарихи

Менің студенттік өмірім

Кеше үйдің төрінде еркелеп жатып, әке мен ананың бақылауында жүретін балалық дәурен өтті бүгінде. Бүгінгі күні өзімізге өзіміз қожамыз… 

Арман қуып арман қала Өскеменге келіп, студенттік өмірді бастан кешіп жатқан жайымыз бар. 
Алғашқы қиындықтар. Алғашқы рубежка. Ауылды сағыну. Бұл алғашқы кезде қорқынышты болатын… Ал қазір ше?! Қазір көңілді кештер, алғашқы сезім, құрбылармен сыр бөлісу…

«Студенттік кез керемет кез. Қайта келмейді. Соны қызықты, ұмытылмастай қып өткізген дұрыс,»-дегенде бір ертегідей көрінетін. Расында, студенттік кезеңнің алғашқы сатысында болсам да, осы күнге дейін талай қызықты сәттер өтті басымнан. Бірде ашпыз, бірде тоқпыз. Үйден ақша келсе төбеміз көкке жетіп, Пицца Блюз, Донер деп қыдырып кетеміз)))

Одан шығып shopping дейміз әйтеуір әр күн сайын баратын жер өзі-ақ дайын тұрады. 

Бір апталық жоспарда театрға баруда жазылған. Әр аптада міндетті түрде театрға баруды әдетке айналдырғанбыз. Рухани байып, қажетті дүние алу біздің тілек.

Күні бойы қарбалас, сабақ деп жүреміз де, шаршағанды басу үшін құрбылармен серуенге де шығып қайтамыз…

Бәрін айтта бірін айт, осылайша бұл дәуренде өтіп жатыр…

Ойхой, шіркін, студент шақ,

Неткен, қызық, тамаша!

Бір күнімнен бір күн қымбат,

Салыстырып қараса…

Әлі талааай қызықты сәттер, қызықты күндер, айлар бола жатар… Мен тек бір апталық сабақтан тыс өміріммен ғана бөлістім. 🙂 😉

Айтмухамбетова Арай


Студенттік кезең

Студенттік кезең адам өміріндегі ең бір қимас, қызығы мол күндер. Сонымен бірге өнер, ғылымға деген сүйіспеншілік пен ықыластың да осы кезеңдерде қалыптасатындығы сөзсіз шындық.

Әр адамның жадында ерекше естеліктерімен жатталып қалған студенттік өмір ешқашан ұмытылмайды. Қызығы мен шыжыға мол сол бір жылдар талай әдемі де, әсерлі әңгіменің арқауы болып, естен кетпейтіндей көрігін қыздырғаны хақ.

Студенттік шақ – өз алдына бөлек дүние. Әр адамның өмірінде айрықша орын алатын осы кезең – үйден жырақта жүріп, өмірді тануға, өзіңді танытуға арналған уақыт. Өмірдің жаңа кезеңіне қадам басқан жастар тек білім алуға емес, өмір сүруге, ақ пен қараны ажырата білуге үйренеді. Студенттік шақ дегенде қызығы мен шыжығы мол – лекция тыңдап отырған уақыт, жатақханада бір жапырақ нанды бөліп жеген достар, таңнан таңға жалғасқан кештер, университет қабырғасындағы бірінші бақылау-тесттер, дипломдық, курстық жұмыстар, тағысын тағы көптеген естеліктер оралады. Мұндай қызықты шақты бастан өткеру – үлкен бақыт. Ол уақытты, ол бақытты кім болмасын, сондай сағынышпен, ерекше көңіл – күймен еске алады.

Байтамбалиев Рауан


Менің студенттік шағым

Мен КАСУ-ды екінші білім ордасы етіп таңдағаным жайдан жай емес еді. Себебі, бұл университет туралы, оның басқа жоғарғы оқу орындары арасындағы беделі туралы өзім бұрындары көп құлағдар болып жүретінмін. Сондықтан, колледж бітірісімен ешқандай таңдау жасамастан осы универге келіп түстім және еш қателеспеппін.

Касу мен үшін білімімді одан ары жетілдіруге, жеке тұлға ретінде қалыптасуыма, өмір жолымды айқындауыма және мәңгі серіктес бола алатын достар тауып беруге көмектесті.

Студенттік кез – өміріңдегі ең бір жарқын, ұмытылмас көңілді оқиғаларға толы кезең деп бекер айтпайды екен. Менің де КАСУ-да өткізген  уақытым ең бір бақытты кездерімнің бірі деп ойлаймын. 

Осы кезең аралығында, бірге оқыған группаластармен, достармен естен кетпес талай қызықты жайттарды бастан кешірдік. Студенттік өмірдің қиындығы мен қызығын бірге көрдік.

Менің группам өнерпаз, дарынды адамдардан құралған десем арттық айтпас едім. Мысалы, Жандос, Асет күміс көмей, жез таңдай әншілер, Жалғас концерттік бағдарлама жүргізушісі , ал квн ойыншысы Алмас болса күнде жаңа әзілдер айтудан жалықпайтын. Группадағы әр баланың өздерінің айналысатын қызықты хоббилары болды. Олармен сөйлесу, араласу мен үшін өте қызық еді. 

Сонымен қатар, университет қабырғасындағы бірінші бақылау-тесттер, дипломдық, курстық жұмыстар, тағысын тағы көптеген естеліктер естен кетпес. Мұндай қызықты шақты бастан өткеру – үлкен бақыт. Ол уақытты, ол бақытты кім болмасын, сондай сағынышпен, ерекше көңіл – күймен еске алады деп ойлаймын.

Меніңде студенттік жылдарым оң мен солымды тануыма мүмкіндік берген, өмірлік ұстанымдарымды айқындап, алға мақсаттар қоюға жетелеген жылдар ретінде есімде мәңгі сақталады. Осы жолда ақыл-кеңестерін аямаған ұстаздарыма, әсіресе бізді әрқашан қолдап, қолпаштап жүретін  Мөлдір Нұрғазықызына, Назым Кенжебекқызына шексіз алғыс білдіремін. 

                        Кенжебекова Асем


2018 жылы мен Қазақстан-Американдық еркін университетін тамамдаймын, мұндағы студенттік өмірімнің әрбір күні өмірімнің маңызды сәттеріне айналды.

Студенттік жылдар – адам өміріндегі ең көңілді әрі уайым-қайғысыз кезеңі. ҚАЕУ-де бұл шындыққа көзім жетті. Университет студенттердің өзін-өзі жетілдіріп, дамытуына мүмкіндік береді. Өкінішке орай, әрқайсысымыз осыны түсіне білмейміз!

Оқу барысында қызықсыз немесе болашаққа пайдасы жоқ деген пәндер оқып көрген жоқпын. Жыл сайын оқу үрдісі қызықтырақ болып, өзіміздің әлеуетімізді жетілдіру мүмкіндіктеріміз жылдан-жылға арта түсті.

Берген білімі шексіз, әрі әрқайсысымызға дара жол тауып жұмыс істей білген оқытушыларымызға алғысым шексіз! Олар қамқорлық пен тәртіпті шебер ұштастыра біледі. Өз ісінің білікті маманы болумен қатар, қатал да әділ оқытушыларымыз өте қызықты, жан-жақты, көмек қолын соза алатын жандар.

Университет пен мамандық таңдауыма бір сәтке де күмәнданып, өкініп көрген емеспін.

ҚАЕУ жоғарғы білімі бар заңгер болуым туралы арманымды жүзеге асыруға көмектесті. Университетіміздің қыбарғасында алынған білімдеріміз болашақ кәсіби өмірімізге жарқын қадамымыз екеніне сенемін.

Сафонова Евгения


Менің ҚАЕУ студенттік өмірім

Кеше үйдің төрінде еркелеп жатып, әке мен ананың бақылауында жүретін балалық дәурен өтті бүгінде. Бүгінгі күні өзімізге өзіміз қожамыз… 

Арман қуып Шығыстың шырайлы қаласы Өскеменге келіп, студенттік өмірді бастан кешіп өтіп, үлкен өмірге аяқ басқалы жатқан жайымыз бар. Алғашқы қиындықтар. Алғашқы рубежка. Ауылды сағыну. Бұл алғашқы кезде қорқынышты болатын… Ал қазір ше?! Қазір көңілді кештер, алғашқы сезім, махаббат, әртүрлі қоғамдық іс шаралар, естен кетпес мерекелер, тіпті осындай қызыққа толы студенттік өмірден кеткім де келмейді…

«Студенттік кез керемет кез. Қайта келмейді. Соны қызықты, ұмытылмастай қып өткізген дұрыс,»-дегенде бір ертегідей көрінетін. Расында, студенттік кезеңнің әрбір кезеңін басымнан өткеріп, осы күнге дейін талай қызықты сәттер өтті басымнан. Бірде ашпыз, бірде тоқпыз. Үйден ақша келсе төбеміз көкке жетіп, pizza, донер деп қыдырып кетеміз…

Менің Қазақстан-Американдық Еркін Университетінде алғаш келген сәтім коз алдымнан осы күнге дейін кетер емес. Ай далада адасқан адамдай ҚАЕУнің алдында ешкіммен сойлеспей өз-өзіммен тұрған болатынмын, өйткені мен әлі болашақ группаластарымды, жлдастарымды танымаған едім. Қазақстан-Американдық Еркін Университетінде алғашқы көрген ұстазым ол- Абдырахманова Ардақ Құрманбаевна болды. Ол кісі бізге бір сағат университет ережелерімен, ұстаздармен және түсініксіз терминдерді түсіндіріп бақты. Сол сәтте ішімнен «.. апайдың айтуына қарасым алдағы төрт жыл ішім пыспайтын шығар…»-деп ойлаған едім. Кейін менің ойлағаным келді… университет қабырғасындағы алғашқы мерекелік кешіміз ұстаздар күніне арналды. Ұстаздарымыз қатты қуанып қалды, өйткені мұндай мереке соңғы уақытта университетте аталменған екен. Кейін өмірімізде алғашқы рубежка тапсырып, түнгі клубта студенттер қатарына қосылу мерекесі өттіп, біз толық қанды студенттер қатарына қосылдық.

ҚАЕУ-дегі ең алғашқы жеңісіміз ол «таланты первокурсников – 2010» болды. Онда біздің КВН құрамасы бірінші орын алды. Ол құрамады мен, группаласым Алмаз және үшінші курс студенті Мади болды. Іс шара, мереке мерекемен сабақты да оқып, бірге алып жүрдім алда алғашқы сессия күтіп тұрды, қиын болғанымен сүрінбей тапсырып шықтым. Тапсырып болғаным сол бірден үйге тарттым. Екінші сименстірде естен кетпес кездер көп болды. Есімде жақсы қалғаны ол Ардақ апайдың ұйымдастырылуымен өткен 8-Наурыз халықаралық әйелдер күні мен Наурыз мерекесі болды. 8-Наурызда жолдастарым Алмас, Алтынбек және Мади әртүрлі ұлттың қыздарының киімдерін киіп шығып көркрмендердің көңілін көтеріп қойды, ал Наурыз мерекесінде біз орта ғасырлық көрініс қойып мереке соғында ҚАЕУ-нің ұстаздарының қара жорға биімен аяқталды.

2011жылы Мемлекет және Құқық теориясынан университетішілік олемпиядасында бірінші орын алып ұстаздар арасында, декен алдында беделге ие болдым. Мамыр айында екінші сессияны тапсырып, бірінші курсты тәмәндап гуппаластармен қала сыртына демалуға бір күндік жорыққа шықтық. Осылайша ЖОО-дағы алғашқы оқу жылым аяқталды.

Екінші курс біздің жаңа ұстаздарымыз, кураторымыз Бутабаева Назым Кенжебековнамен Хасенова Мөлдір Нұрғазықызымен   танысумен  басталды. Екуіде біздің группамен жақса араласып студенттердің көңілін тауып, түсінбегенімізді түсіндріп, қиындықтар туғанда болыса білді. Назым апайдың қолдауымен Мөлдір апайдың бастауымен көптеген іс шараларды жүзеге асырдық. Мәселен, ұстаздар күні, «Дарынды студенттер сайысы» және т.б. ең қызықтысы, естен кетпесі «Дарынды студенттер сайысы-2011» еді, әсіресе Мөлдір апайдын және менің есінен кетпес болды. Өйткені ұйымдастырушылар мен біздің арамызда түсінбеушіліктің кесірінен жеңіліс таптық, ал мен болсам ММС сахнасында ту көтеріп керексіз жерде керексіз уакытта шығып қалып жолдастарымнын арасында күлкіге тап болып қалдым. Осы кез менің және жолдастарымның есінде жақсы қалап қалды, әсірісе жолдастарымның. Қазір ЖОО бітірер кезде осы кезді еске алып, мәз мейрам болып қаламыз. Алайда осы іс шараға дайындық кезінде көптеген жаңа таныстар тауып жақсы жолдас болып кеттік.

Екінші курстатағы естен кетпес жәйт ол менің ректордың шәкіртақысына ие болғаным. Осы жаңалықты ата-анама естіртіп бір қуантып қойдым. Негізінде екінші курста көптеген жетістіктерге қол жеткіздім. Мысалға: алғашқы қазақ дебат клубын аштық, республикалық дебат турниріне қатастым, университетте мерекелер мен іс шараларды ұйымдастырушы, осылар бойынша қазақ тобының координаторы болдым.

Үшінші курста арамызға жаңа студент, группаласымыз Алишер келіп қосылды. Алишер біздің группамен біте қайнасып, тез араласып, жолдасымыз болып кетті. Осы оқу жылында да сабақ пен іс шараларды қоса алып жүрдім, сонымен қатар шәкіртақыныда және осы жылы менің ұйымдастыруыммен 2-ші қала аралық ҚАЕУ ректорының ауыспалы кубогі атындағы дебат турнирін ұйымдастырдым. Жалпы университет қабырғасында көптеген іс шараларды ұйымдастырып, мерекелердің жүргізушісі болдым сол секілді бірнеше халықаралық конференцияларға қатысып жүлделі орын алдым.

Өстіп біртіндеп төртінші бітіруші курска келіп жеттім. Бұл оқу жылы маған үлкен табыс әкелді. Өйткені осы оқу жылында мен Қазақстан Республикасы президентінің шәкіртақысына ие болып ата анамды тағы бір қуантып қойдым. Бұл менің еңбегім деп білемін. Дегенмен соңғы түйенің жүгі ауыр дегендей осы оқу жылы қиындыққа толы болды. ВОУД, практика және алдығы сынық мемлекеттік емтихан мен диплом жұмысы күтіп тұр.

Жалпы студенттік шақ жастық шақтың ең қызық шағы. Тұлға болып қалыптасып, өмірде өз орнынды табуға бағыт беретін, оңын мен солынды қарайлап, болашаққа үмітпен қарап үлкен өмірге бастар ең керемет шақ. Қандай студент болғанымды айтар болсам, өзімді мақтаған біртүрлі шығар, шыны керек алғашқы курстан бастап ешбір сабақтан қалмай тек озат оқуға мақсат қойғам. Сол мақсатым орындалып, үздік бітіремін деген ойым бар…


Хамитов Жалғас