Қолдану ережесі
Кітапханада жұмыс істеу ережесі
- Қорды пайдалануға білім алушылар, профессорлық-оқытушылар құрамы мен қызметкерлердің құқығы бар.
- Кітапханалық қызмет көрсетудің негізгі түрлері тегін көрсетіледі.
- Кітапаханаға жазылу оқырманның университетте оқитыны туралы куәландыратын құжат бойынша: білім алушылар үшін – студенттік билет, оқытушылар мен қызметкерлер, басқа категориялар үшін – жеке басын анықтайтын құжат немесе қызметтік куәлік пен 3*4 көлемдегі бір фотосурет.
- Оқырманға бірыңғай оқырман билетімен бірге қор орталығын пайдалану құқығы туралы ақпарат және тіркеу карточкасы беріледі.
- Оқырмандарды тіркеу кезінде оқырман формулярға ережемен танысқаны туралы ережені растап, оларды орындайтыны туралы қол қояды.
- Оқырман билетінің қызмет көрсету мерзімі-1 жыл. Жыл сайын оқырмандар қайта тіркеуден өтуі керек. Олардың қолындағы әдебиеттерді есепке ала отырып, кітапхананың белгілеген мерзімі бойынша оқырман билетінің мерзімі ұзартылады. Қайта тіркеуді өтпеген оқырмандарға кітапхана қызмет көрсетпейді.
- Оқу орнынан шығу кезінде оқырмандар кітапханаға алған басылымдар мен оқырман билетін қайтаруы керек. Міндетті түрде оқудан шығу парағын толтырады.
- Оқырман алған әдебиетін күтіп ұстауы қажет. Әдебиеттегі мәтіндерді сызуға, парақтарды бүктеуге, жұлуға қатаң тыйым салынады. Жоғалтқаны, бүлдіргені үшін оқырмандар нақ сондай басылымдармен немесе кітапханада сұранысқа ие басылымдармен орнын толықтыруы қажет. Орнын толтыра алмаған жағдайда оның нақты құнын төлейді (он есе төлеу (ҚР Үкіметінің 1999ж. 12 мамырдағы № 565 қаулысы))
- ҚАЕУ оқу залында және ресурс орталығында әдебиеттер бірыңғай оқырман билеті бойынша немесе студенттік билет бойынша төмендегідей мерзімге беріледі:
- Оқу және әдістемелік әдебиет 1 күнге 2-3 кітап санымен;
- Ғылыми және арнайы әдебиет 3-5 күнге 2-3 санымен;
- Көркем әдебиет 10 күнге 1-2 кітап санымен беріледі;
- Өткен жылдың мерзімді басылымдары 2 күн мерзімге беріледі.
- Оқырмандар тарапынан сұраныс болмаса әдебиеттерді қолдану мерзімі ұзартылуы мүмкін, егер қолданыстағы әдебиет бір дана ғана болса немесе ол әдебиет жоғары сұранысқа ие болса мерзімі қысқартылуы мүмкін.
- Оқырман қолына алған әр әдебиет үшін оқырмандар формулярына немесе кітап формулярына қол қояды.
- Әдебиетті топтық сабақтарда қолдану оқытушының жазбаша талабы бойынша және студенттік топтың кезекшісінің қол қоюы арқылы тіркеу журналынан өткен соң беріледі. Топтық сабақтар үшін алынған әдебиетке жауапкершілік оқытушыға жүктеледі.
- Кітапханаға жеке және кітапханалық кітап, журнал, газет, баспа басылымдарының қиындыларымен және басқа да баспа материалдарымен кіруге болмайды. Қолындағы есепке алынған әдебиеттерге ғана рұқсат етіледі, кітапханашы бұған белгіленген тәртіппен белгі соғады.
- Әдебиетті кітапханадан тіркеусіз алып шығуға тыйым салынады. Бұл ереже бұзылған жағдайда оқырман тәртіп бұзудың сатысына байланысты әкімшілік белгілеген кітапхананы пайдалану құқығынан айрылады.
Электронды кітапхананы пайдалану ережесі
Электронды кітапхана – бұл кітапхана пайдаланушыларының жергілікті және алыстағы ресурстарға қол жетімділігінің мәліметтер жүйесі. Электронды каталогта университет жиынтығындағы қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі электрондық кітаптар беріледі.
Электронды кітапхананың жүйелі және алфавиттік каталогы бар. Алфавитті каталог – бұл кітаптың атауы, автордың тегінің алфавиттік қатарға сай библиографиялық жазбалар каталогы. Алфавиттік каталогке кітапхананың кітап қорында нақты бір кітаптың бар екенін білу керек болған жағдайда ғана жүгінеді. Алфавиттік каталогте алфавиттік тәртіпте курстық, дипломдық, рефераттық жұмыстар, кітаптар беріледі және олардың белгілі бір классификациясы болмайды. Жүйелі каталог белгілі бір классификация бойынша жұмыстардан тұрады. Жүйелі каталог- бұл библиографиялық жазбалар білім салалары бойынша орналасқан каталог. Жүйелі каталог «Электрондық ресурстар» кітапхана қоры бойынша электронды ресурстарды ғана (компьютер басқаратын) қызмет көрсетеді. Жазабалар білім салалары бойынша орналасады.
Электронды кітапханадағы жұмыстың негізгі кезеңдері:
- ЭК электронды ресурстар бойынша әкімші іске қосады;
- Файлға рұқсат гиперсілтеме бойынша өту жолымен жүзеге асады;
- Жұмыс істейтін каталогты таңдап алу керек;
- Пәндер тізімі пайда болады (мысалы: психология, экономика, проза…және т.б.);
- Таңдаған тақырыпқа еніңіз:
- Қажет материалды тапқан кезде, сіз электронды ресурс бойынша әкімшіге болмаса кітапханшыға жүгінесіз;
- Қажет материалдың көшірмесін жасап алуға болады;
- Сіз бұл материалды түзетіп шығарып алуыңызға болады.
Материалды іздеу алфавиттік каталог бойынша да жүргізіледі.