Түлек сөзі

Қымбатты түлектер!

Сіздер осы жерде университетке деген ізгі тілектеріңізді жазып қалдыра аласыздар!  Сонымен бірге сіз қазіргі жұмыс орныңызды, лауазымыңызды жазуыңызды сұраймыз. Өйткені ҚАЕУ түлектерінің жетістіктерін сайт қолданушылары білуі тиіс. Сенің жетістіктерің жайында барлығы білсін!!! 

Назар аударыңыз: ақпарат модератормен тексерістен өткен соң ғана жарияланатын болады.  Құрметпен ҚАЕУ.

Қазақстан-Американдық еркін университетінің 20 жылдығы салтанатты түрде атап өтілді. Біз сол сәтте өз «Альма-Матерімізге» деген мақтаныш сезімін бастан кешірдік. Бізді кәсіби шеберлік жолына бастаған барлық адамдарға алғысымызды жеткіземіз. Біз, Қазақстандық оқытушылар, Ережеп Әлхайырұлы Мамбетказиевтің  жеке өзін шын жүректен құрметтейміз. Сіздің жас мамандарды дайындаудағы шеберлігіңіз бен таусылмас күш-жігеріңіз халықаралық серіктестіктегі жоғары оқу орнымыздың нағыз кепілі бола білді.

We would like to express our sincere gratitude to our foreign professors. You gave us all the unique knowledge and experience; you presented us a great opportunity to improve our English language skills and to have professional training in the United States. And that has become a guarantee of our constant professional success.

Аймақтағы жоғары білім, магистрлік және докторлық дәрежесін алған мыңдаған мамандардың атынан кәсіптік білім мен мансапты арттыруға мүмкіндік бергені үшін  ҚАЕУ-не шын жүректен алғыс айтамыз. Біз қазіргі студенттерге өздері оқып жатқан ЖОО-ның жаңашыл рухына сай еңбектеніп, оның болашақ жолындағы жауапкершіліктің бір бөлігін өздеріңізге алыңыздар дейміз.

Біз өз күшіміз бен мүмкіндіктерімізді аяулы университетіміздің өркендеп гүлденуі үшін біріктіруге дайынбыз!!!

19.09.2014ж.

Қазақстан-Американдық еркін университетінің түлектері

Түлек сауалнамасы

Ғылыми дәрежесі бар ма? Шетелде практика (оқыту) қайда өтті? Шығарылғаннан кейін сіздің тағдырыңыз қалай болды? Жетістіктер, марапаттар? Сізге хабарлау қажет деп санайтын басқа ақпарат.