Білім берудегі сапаны қамтамасыз ету жөніндегі Тәуелсіз Қазақстандық Агенттіктің жоғары бағасы

2023 жылғы мамырда Қазақстан-Американдық еркін университеті білім берудегі сапаны қамтамасыз ету жөніндегі Тәуелсіз Қазақстандық агенттікте (НКАОКО) магистратураның 3 білім беру бағдарламасы бойынша мамандандырылған аккредиттеуден сәтті өтті.

НКАОКО Аккредиттеу Кеңесінің шешімімен ҚАЕУ 7М01704 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 7М03104 «Психология», 7М01706 «Орыс тілі мен әдебиеті» магистратурасының білім беру бағдарламалары 5 жыл мерзімге аккредиттелген.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан-Американдық еркін университеті білім берудегі сапаны қамтамасыз ету жөніндегі Тәуелсіз агенттіктің (IQAA-Ranking) деректері бойынша Қазақстанның жетекші гуманитарлық-экономикалық жоғары оқу орындарының ұлттық рейтингінің топ-7 — кірді.

Жұртшылықпен байланыс орталығы

Логотип НКАОКО