Бизнес кафедрасының білім алушыларының ZHETYSU ROAD SHOW іс-шарасына қатысуы

2023 жылғы 20 желтоқсанда «Туризм» және «Мейрамхана  ісі және қонақ үй бизнесі» білім беру бағдарламаларының білім алушылары «VISIT ZHETYSU» туристік-ақпараттық орталығы ұйымдастырған ZHETYSU ROAD SHOW іс-шарасына қатысты.

Аталған іс – шара Алматы, Астана, Шымкент, Түркістан, Өскемен қалалары бойынша өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – Жетісу облысының туристік нысандарымен танысу, сондай-ақ бірлескен жобалар құру, ынтымақтастықты дамыту және тәжірибе алмасу үшін өңіріміздің туристік нысандарының өкілдерін Қазақстанның туристік саласының өкілдерімен таныстыру.

Іс-шара барысында Жетісу облысының туристік нысандарының өкілдері іс-шараға қатысушыларды Жетісу облысының туристік әлеуетімен таныстырды, Жетісу облысына барудың себептері айтылды.

«Алтын-Эмел» МҰТП, «Жоңғар-Алатау» МҰТП ұлттық парктерінің өкілдері, «Бунгало Village» демалыс базасы, «Aquamarine resort» демалыс базасы (Алакөл көлі), Көксу өзеніндегі «Калифорния» қонақ үй кешені, Жетісу облысының рафтинг Федерациясы, «Шеркасай» туристік-спорттық базасы, «Қорғас» Халықаралық шекара маңы ынтымақтастық орталығы, «Лепсинск Про» қонақ үйі, «Azimut Travel» туроператоры, «Jetysu Camping» турфирмасы, «Join Me» туристік ұйымы, «Banana Tour» туркомпаниясы, «Itravelerkz» туроператоры сияқты осы облыстың ірі және танымал демалыс үйлерінің өкілдері сөз сөйледі.

Ынтымақтастық орнату мақсатында екі өңірдің туристік операторлары В2В кездесуінде туристік саланың дамуын талқылады, Шығыс Қазақстан облысының туристік саласының өкілдерімен тәжірибе алмасты.

Іс-шара соңында Жетісу облысының демалыс базаларына тегін сертификаттар табысталды.

Бизнес кафедрасы