Болашақтың ықтимал мамандықтарының бірі

2023   жылғы 14 ақпанда арнайы есепке алу бөлімінің бастығы, әділет майоры Баяндинова Сәуле Сәлімқызы және аға инспектор әділет капитаны Шегиров Ерік Қуандықұлы «Құқық және құқық қорғау қызметі» білім беру бағдарламасының студенттеріне «Болашақтың   ықтимал мамандықтарының бірі» тақырыбында қонақ дәрісін өткізді.

 Студенттерге ҚР ІІМ ҚАЖК «№16 мекеме» РММ-де кім отыратыны, қандай жағдайда және қандай қылмыстар үшін ұсталатыны түсіндірілді.

 Дәрісті өткізу кезінде студенттердің ҚР ІІМ ҚАЖК «№16 мекеме» РММ арнайы есепке алу бөлімінде, кадрлар бөлімінде, психологиялық қызмет бөлімінде өндірістік  іс-тәжірибеден өту мүмкіндігі қарастырылды.

 Бейнежазбаны қарау кезінде студенттер мемлекеттік қызметке кіру  талаптарымен танысты: медициналық комиссиядан өту, алғашқы дайындық және т. б.

 Студенттер үшін дәріс қызықты өтті. Олар біздің қонақтарға көптеген сұрақтар қойып, оған жауаптарын алды.

 Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы