«Цифрлық міндетті зейнетақы жарналары» тақырыбында қонақ дәрісі
2023 жылғы 27 ақпанда Қазақстан-Американдық еркін университетінде бизнес кафедрасының аға оқытушылары А.С.Әшімова және Д.С. Мамырбекова ШҚО «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» филиалының өкілдерімен бизнес және басқару бағытындағы білім алушылар үшін қонақ дәріс ұйымдастырды.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының өкілі — көшпелі қызмет көрсету бөлімінің маманы Айткешов Қуаныш цифрлық міндетті зейнетақы жарналары туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
Қонақтардың дәрісі барысында білім алушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын белсенді түрде қойып, тағылымдамадан және іс-тәжірибеден өту мүмкіндіктеріне қызығушылық танытты.
Бизнес кафедрасы