Creative Week – Креативті идеялар апталығы
«Creative Week — Креативті идеялар апталығы» көрмесі 11 қыркүйекте Өскемен қаласында ашылды. Көрме Қазақстан-Американдық еркін университетінің бас оқу ғимаратында Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар, ҚАЕУ президенті — Мәмбетқазиев Ережеп Әлхайырұлы, халықаралық байланыстар және ынтымақтастық жөніндегі ҚАЕУ вице-президенті Дэниэль Бэлласт, Де Монфорд университетінің (Лондон, Ұлыбритания) профессоры Аллан Тейлор, «Казцинк» ЖШС әкімшілік мәселелері жөніндегі атқарушы директоры Андрей Павлович Лазарев, қала әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары- Ирина Федоровна Смит, ШҚО кәсіпкерлік секторының басшысы– Гасан Болатбекұлы Тұрғанбаев, «ШҚО ресурстық орталығы»ҚБ басшысы- Раиса Шеризданқызы Мұхамеджанова қатысуымен өтті. Көрменің ашылуына сондай-ақ ҚАЕУ әкімшілігі, қызметкерлері және шетелдік қонақтары қатысты.
Көрме ҚАЕУ Креативті директоры Астафьева Александра Геннадьевнаның бастамасымен және доктор Аллан Тейлордың қолдауымен және онымен серіктестік аясында өтті.
Студенттердің, оқытушылардың, жергілікті тұрғындардың арт-кәсіптерін насихаттау және креативті кәсіпкерлікті қолдау үшін шығармашылық идеяларын таныстыру – аталған іс-шараны өткізудің негізгі мақсаты.
2023 жылғы 11-15 қыркүйек аралығында М. Горький көшесі, 76 мекенжайы бойынша көрменің экспонаттарымен танысуға болады.
![](https://kafu.edu.kz/wp-content/uploads/2023/09/creative-week-1.jpg)
![](https://kafu.edu.kz/wp-content/uploads/2023/09/creative-week-2.jpg)
![](https://kafu.edu.kz/wp-content/uploads/2023/09/creative-week-3.jpg)
![](https://kafu.edu.kz/wp-content/uploads/2023/09/creative-week-4.jpg)
![](https://kafu.edu.kz/wp-content/uploads/2023/09/creative-week-5.jpg)
![](https://kafu.edu.kz/wp-content/uploads/2023/09/creative-week-6.jpg)
![](https://kafu.edu.kz/wp-content/uploads/2023/09/creative-week-7.jpg)
![](https://kafu.edu.kz/wp-content/uploads/2023/09/creative-week-8.jpg)
![](https://kafu.edu.kz/wp-content/uploads/2023/09/creative-week-1.jpeg)
![](https://kafu.edu.kz/wp-content/uploads/2023/09/creative-week-9.jpg)
![](https://kafu.edu.kz/wp-content/uploads/2023/09/creative-week-10.jpg)