«Цифрландыру жағдайындағы әлеуметтік-еңбек қатынастарын трансформациялау» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

2024 жылғы 20 наурызда ҚАЕУ қауымдастырылған профессоры, PhD Б.А. Үмітчинова және Қазақстан-Американдық еркін университетінің құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының аға оқытушысы М.Н.Тәжиева Ташкент мемлекеттік заң университетінде «Цифрландыру жағдайындағы әлеуметтік-еңбек қатынастарын трансформациялау» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік  конференцияға қатысты.

Конференцияда шетелдік ғалымдардың, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің, практик заңгерлердің еңбек заңнамасын дамытудың өзекті мәселелері бойынша баяндамалары тыңдалып, оны жетілдіру бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар әзірленді.

Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы