Цвикау Қолданбалы ғылымдар университеті  киберспорт Зертханасының тұсаукесері

ҚАЕУ-де өткен «Заманауи ғылыми бағыттар: қолданбалы зерттеулерден инновацияға дейін» атты жас ғалымдардың XIV Халықаралық форумына бірнеше шетелдік ғалымдар қатысты. Форум аясында олар ҚАЕУ студенттері мен оқытушыларына дәрістер курсын оқып, шеберлік сабақтарын өткізді.

Ғылым магистрі, Цвикау, Германия, Қолданбалы ғылымдар университетінің зерттеушісі, Лиза Страух үшін бұл оның ҚАЕУ-ге бірінші рет келуі. 11 сәуірде Форум аясында ол ҚАЕУ бірінші курс студенттеріне, сондай-ақ Өскемен қаласындағы колледж студенттері мен жоғары сынып оқушылары үшін Цвикау Қолданбалы ғылымдар университетінің киберспорт зертханасының тұсаукесерін өткізді.

Ғылымдағы осы бір жаңа, бірақ қазірдің өзінде өте танымал бағыт туралы пікірталас тыңдаушылар арасында үлкен қызығушылық тудырды. Тұсаукесер соңында көптеген сұрақтар қойылды, оларға Лиза Страух толық жауап берді.

Келесі күні ол ҚАЕУ студенттеріне, магистранттарына және оқытушыларына «The Role of Gamification in the Recruitment of Specialists». тақырыбында шеберлік сабағын өткізді.

Лиза Страух өзін осындай айтулы іс-шараға қатысуға шақырғанына ризашылығын білдірді. Оның пікірінше, университетте жас ғалымдардың ғылыми әлеуетін дамыту үшін оңтайлы жағдай жасалған. Ол сондай-ақ ҚАЕУ-мен ынтымақтастығы міндетті түрде жалғасады деп үміттенеді.

Жұртшылықпен байланыс орталығы