Ғылым және жоғары білім министрінің ШҚО-ға сапары

2023 жылдың 9-желтоқсанында Қазақстан-Американдық еркін университетінің басшылығы мен профессор-оқытушылар құрамы Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекпен Шығыс Қазақстан облысына сапары аясында кездесті.

Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде өткен кездесуде Ғылым және жоғары білім министрі Жоғары білім беру жүйесіндегі өзгерістер, жоғары білікті кадрларды даярлау, студенттер қауымдастығын қолдау жөніндегі жұмыс, жоғары білім беру жүйесінде кадрларды даярлау мәселелерін атап өтті.

Саясат Нұрбек Қазақстанда ірі әлемдік жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу мүмкіндігіне ерекше назар аударды, сондай-ақ ғылымды қаржыландыру, ғылыми қызметті ынталандыру және Республикада жоғары білім сапасын жан-жақты арттыру мәселелеріне тоқталды. Кездесу аясында министр жиналғандардың сұрақтарына да жауап берді.