Ғылыми басылымдар – ҚАЕУ хабаршысы
Университеттің ғылыми-зерттеу қызметін ілгерілетудің негізгі басым бағыты-“Қазақстан-Американдық еркін университетінің хабаршысы” республикалық ғылыми журналының шығарылымы (журнал Қазақстанда тіркелген, 2005 жылдан бері басылып келеді, 2012 жылға дейін ҚР БҒМ БҒСБК ұсынған басылымдар тізбесіне енгізілген) және “KAFU Academic Journal” халықаралық ғылыми журналының шығарылымы (журнал АҚШ-та тіркелген, 2008 жылдан бері шығып келеді).
«Қазақстан-Американдық еркін университетінің хабаршысы» жылына 6 рет шығады және мынадай шығарылымдарды қамтиды (мақалалар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қабылданады):
- бірінші шығарылым – “Білім беру технологиялары”. Мақалалардың тақырыбы білім берудің жалпы мәселелерін, білім берудегі электрондық технологияларды, педагогика мен оқыту әдістемелерін, білім берудегі психологиялық аспектілерді, ҚАЕУ-дегі білім беруді, білім беру мен денсаулық мәселелерін, экология мәселелерін, т. б. қамтиды;
- екінші шығарылым – «Филологияның жалпы мәселелері». Мақалалардың тақырыбы тілдерді оқыту әдістемесін, тілдің, мәдениеттің, қоғамның өзара әрекетін, әлемдік әдебиетті, тіл тарихын, жалпы филологияны және т. б. қамтиды;
- үшінші шығарылым – «Қоғам және білім берудің экономикалық мәселелері». Мақалалардың тақырыбы менеджмент пен маркетингті, сапа менеджменті жүйесін, дағдарысқа қарсы басқаруды, қаржы мен салықтарды, экономиканың жалпы мәселелерін, экономикалық және әлеуметтік мәселелердің басқа аспектілерін, сондай-ақ экология мен денсаулық мәселелерін қамтиды;
- төртінші шығарылым – «Қоғам мен білім берудің саяси-құқықтық мәселелері». Мақалалардың тақырыбы азаматтық және отбасылық құқықты, әкімшілік құқық пен мемлекеттік басқаруды, қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу құқығын, халықаралық құқық пен шет елдердің құқығын, еңбек және салық құқығын, саяси және құқықтық мәселелердің басқа аспектілерін қамтиды;
- бесінші шығарылым – «Психология мәселелері: тұлға, білім беру, қоғам». Мақалалардың тақырыбы заң психологиясын, әлеуметтік психологияны, жалпы психологияны, педагогикалық психологияны, медициналық (клиникалық) психологияны, саяси психологияны, тұлға психологиясын және т. б. қамтиды.
- алтыншы шығарылым – «Экология, математика және ақпараттық технология мәселелері». Мақалалардың тақырыбы экологиялық мониторингті, өнеркәсіптік және коммуналдық экология мәселелерін, математика мен оқыту әдістемесінің өзекті мәселелерін, математика мен информатиканың қолданбалы аспектілерін, ақпараттық технологияларды дамытуды қарастырады.
«ҚАЕУ хабаршысы» журналының даналары облыстық техникалық кітапханасына, А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханасына, Шығыс Қазақстан облыстық ғылыми-техникалық ақпарат орталығына, облыстық әкімшілікке, Ұлттық Кітап палатасына, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасына, ҚР Парламенті кітапханасына ұсынылды.
Журнал сайты – www.vestnik-kafu.info. Журнал қазақстандық дәйексөз базасына кіреді.
«KAFU Academic Journal» журналы жылына 1 рет шығады, мақалалар тек ағылшын тілінде жарияланады. Журнал АҚШ Конгресс кітапханасында тіркелген және дәйектелген.
Бас редакторы – Маршалл Кристенсен. Журнал халықаралық ғылыми басылым болып табылады.
Мақалалар төрт айдар бойынша қабылданады – «Білім берудің жалпы мәселелері», «Аударма және мәдениетаралық коммуникация мәселесі», «Құқық мәселелері», «Бизнес-әкімшілік және қоғамның дамуы».
Журнал сайты – www.kafu-academic-journal.info