Академиялық ұтқырлық
Академиялық ұтқырлық – білім алушыларды немесе оқытушыларды белгілі бір академиялық кезеңге оқыту, зерттеу жүргізу немесе біліктілігін арттыру үшін басқа білім беру немесе ғылыми мекемеге ауыстыру.
ҚАЕУ Халықаралық қызметі Болон процесінің қағидаттарын іске асыруға бағытталған. Оның негізгі ережелерінің бірі оқытушылар мен білім алушылардың академиялық ұтқырлығы болып табылады.
Оқытушылар құрамы мен студенттердің академиялық ұтқырлығы серіктес университеттермен ынтымақтастық бағдарламалары мен халықаралық шәкіртақылық бағдарламалар арқылы жүзеге асырылады.
Факультеттер мен университеттің тиісті ақпараттық ресурстары (сайт, әлеуметтік желілер) арқылы қажетті мәліметтерді қамтитын халықаралық ынтымақтастық бөлімі арқылы білім алушылар мен оқытушыларды халықаралық алмасу бағдарламалары туралы хабардар етеді.
Талапкерлердің халықаралық алмасу бағдарламаларына қатысу тәртібі мен шарттары серіктес университеттер арасындағы нақты келісімшарттардың, келісімдердің мәні болып табылады.
Талапкерлерді шетелге оқуға жіберу үшін университет қабылдаушы ЖОО-ның/серіктес ұйымның талаптарын ескере отырып, үміткерлерді іріктеу және халықаралық білім беру бағдарламаларына қатысу үшін іріктеу критерийлерін айқындайтын конкурстық комиссияларды құрады.
Академиялық ұтқырлықты қаржыландыру:
- Республикалық бюджет қаражаты;
- Ұлттық компаниялардың, әлеуметтік әріптестердің, халықаралық қорлардың гранттары;
- Қабылдаушы тараптың қаражаты, оның ішінде халықаралық ұйымдар мен жеке қорлардың гранттары;
- Білім алушылардың жеке қаражаты.
Жыл сайын академиялық ұтқырлық шеңберінде ҚАЕУ білім алушылары Еуропа, Азия және АҚШ-тың жетекші жоғары оқу орындарында бір семестр бойы білім алуына мүмкіндігі бар