Халықаралық көшбасшылық бағдарламасы (International Servent Leadership Program)
Мақсаттарымен міндеттері:
“Халықаралық көшбасшылық” бағдарламасы (ISLP — International Servant Leadership Program) — Co-Serve International Портланд, Орегон, АҚШ ұйымымен және Қазақстан-Американдық еркін университетімен бірлесіп құрылған бірегей бағдарлама. Бұл бағдарлама қоғамға қызмет ету, әр адамның қадір-қасиеті мен жеке басын құрметтеу, жеке және кәсіби әлеуетін дамыту, топ құру және жоғары нәтижелерге қол жеткізу үшін шығармашылық күш-жігерді біріктіру қағидаттарына негізделген көшбасшылыққа жаңа тәсілдерді оқыту мақсатында университет студенттеріне, магистранттары мен докторанттарына арнайы әзірленген.
Бағдарламаның міндеттеріне мыналар кіреді:
- Жеке және кәсіби көшбасшылық әлеуетті дамыту
- Мәдениетаралық қарым-қатынас дағдыларын игеру
- Халықаралық байланыстарды нығайту
- Халықаралық компанияларда жұмыс істеу мақсатында ағылшын тілін жетілдіру
- Басқару мен командада жұмыс істеудің жаңа тиімді тәсілдерін меңгеру.
Мақсатты топ:
Ағылшын тілін жеткілікті меңгерген және университеттің белсенді өмірінде көшбасшылық әлеуетін көрсететін студенттер, оқытушылар, ҚАЕУ әкімшілігі және қызметкерлері тағылымдамадан өту грантына өтініш бере алады.
Қатысу шарттары және іріктеу тәртібі:
Бағдарламаға қатысу үшін B2 (upper intermediate and advanced) төмен емес деңгейде ағылшын тілін меңгерген бакалавриат және магистратура бағдарламаларының барлық курстарының студенттері шақырылады. Қосымша критерийлер-тамаша үлгерім, жоғары оқу орнының өміріне белсенді қатысу, оқытушылардан ұсынымдар.
Іріктеу процедурасы:
- Өтініштерді қабылдау: осы бағдарламаға қатысуға өтінім нысаны халықаралық және көптілді бағдарламалар орталығынан алуға болады. Өтінім беру мерзімі 1-15 қыркүйек аралығында.
- Ағылшын тілінен тест: тестілеу уақытын халықаралық және көптілді бағдарламалар орталығының қызметкерлері белгілейді. Тест нәтижелері кем дегенде B2 (жоғары деңгей) болуы керек. Ағылшын тілін жоғарылатқысы келетін студенттер үшін көп деңгейлі курстар ұсынылады.
- Оқытушылардың ұсыныстары: әр студент комиссияның қарауы үшін өз оқытушыларынан бір-екі ұсыныс беруі керек (ұсыныстарды оқытушы жазбаша түрде тікелей халықаралық және көптілді бағдарламалар орталығында немесе электрондық пошта мекенжайында береді).
- Өтініштерді қарастыру және қатысушыларды іріктеу: Іріктеу комиссиясы өтініштерді қарастырады және қатысушылар тобын анықтайды. Комиссия құрамы:
- Дэниел Бэлласт, ҚАЕУ вице-президенті
- Кабардина А.В., халықаралық мәселелер мен бағдарламалар бойынша кеңесші-консультант
- Абилов С.М., халықаралық бөлім директоры
- Новицкая Ю.В., халықаралық және көптілді бағдарламалар орталығының директоры
«Халықаралық көшбасшылық» бағдарламасына қатысушылардың құрамы қосымша ОЖжББ бойынша вице-президент Конопьянова Г.А. және ҚАЕУ президенті, ҰҒА академигі Мәмбетқазиев Е.Ә. бекітеді.
- Екі жылдық бағдарлама барысында қатысушылар бағдарламаның әр кезеңін дәйекті түрде игереді. Әр кезеңнен сәтті өткен студенттер келесі кезеңге өтеді, осылайша қосымша табиғи сұрыптау жүреді.
Құны және гранттар:
«Халықаралық көшбасшылық» бағдарламасының шығындары бір қатысушыға (жол шығынын қоспағанда) $10,000 долларды құрайды. Алайда, конкурстық іріктеуден өткен қатысушылар Co-Serve International-дан $9,650 доллар көлемінде грант алады және $350 доллар көлеміндегі шығынды ғана төлейді, сонымен қатар жол шығындары мен визалары үшін қаражатқа жауапкершілік жүктеледі (АҚШ-қа ұшу). Жыл сайын Co-Serve International «Халықаралық көшбасшылық» бағдарламасына қатысу үшін ҚАЕУ студенттеріне 8 орыннан 12 орынға дейін грнаттық орындар бөледі.
Бағдарламаның құрылымы:
«Халықаралық көшбасшылық» бағдарламасының екі жылдық циклі 4 негізгі кезеңнен тұрады:
- Көшбасшылықтың базалық курсы – 30 аудиторлық сағат. Аталған курс көшбасшылық бойынша қызмет етудің 30 сағатын құрайды, ол белсенді түрдегі және командалық оқыту стилінде шақырылған оқытушы-тренерлермен өткізіледі. Қарым қатынас, өзара әрекет, нақты үлгілер мен қатысушылардың диалогы арқылы әдеттегі ұғымдардан ерекшеленетін көшбасшылықтың негізгі принциптерімен танысады.
- Менторлық бағдарлама (немесе тәлімгерлік бағдарламасы) – 20 апта. Бұл кезеңде қатысушылар 20 апта ішінде тәжірибелі тәлімгер-ментормен өзара хат алмасу барысында көшбасшылық принциптерін зерттеуді жалғастырады, қосымша әдебиеттер оқиды, оқу құралы бойынша тапсырмаларды орындайды. Тәлімгерлердің көпшілігі – АҚШ азаматтары, оқытушылар, қоғам қайраткерлері, бизнесмендер, әр түрлі қызмет саласында жеке және кәсіби тәжірибесі бар адамдар.
- АҚШ-тағы жазғы Көшбасшылық академиясы – АҚШ-та 3 апта. Үшінші кезең студенттер мен оқытушылар үшін АҚШ-дағы Жазғы Көшбасшылық Академиясына (немесе оқытушылар үшін серіктес университеттің бірінде кәсіптік практикадан өтуді) халықаралық сапарды қарастырады.
- Академия студенттерге үш апта ішінде бірқатар орта және шағын бизнес корпорациялары мен компанияларына, фирмалар мен ұйымдарға баруды ұсынады, олар іс жүзінде қатысушылар негізгі курс пен тәлімгерлік бағдарламада зерттеген көшбасшылық принциптерін сәтті жүзеге асырады. Академия бағдарламасы барысында қатысушылар кездесулерге, талқылауларға, диалогтарға және практикалық жобаларға белсенді қатысады, олардың барысында олар ұсынылған тәсілдер мен әдістердің сыналған және сәтті екендігіне көз жеткізе алады.
Академия бағдарламасында келесі визиттер жоспарланған:
Орегон штатының Портланд қаласында қатысушылар келесі компаниялар мен ұйымдарға барады:
- Intel халықаралық корпорациясы;
- Medical Teams International – бүкіл әлем бойынша төтенше жағдайларға жауап беретін халықаралық медициналық гуманитарлық ұйым;
- AKT – консалтингтік және аудиторлық қызметтерді жүзеге асыратын аудиторлық компания;
- US Digital – жаңа ақпараттық технологияларды әзірлеуші компаниялар;
- Western Pacific College – бұрын профессор профессор Маршалл Кристенсен президент болған университет;
Орегон штатының Бенд қаласында:
- American Licorice – кәмпит фабрикасы;
- Bend Research – ғылыми-зерттеу фармацевтикалық компаниясы;;
- Healing Reins (аудармасы “исцеляющие вожжи” деген мағына береді ) – мүгедектігі бар балалар мен ересектерді атқа міну, жылқылар мен басқа да жануарларды қолданатын емдік сессиялар арқылы дамудың кешігуі және басқа да аурулары бар балалар мен ересектерге терапияны жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым.
Вашингтон штаты:
- First Fruit of Washington – әлемдегі ең ірі жеке алма бағы (азық-түлік компаниясы);
- Vista Hermosa – жалпы білім беретін жекеменшік мектеп;
- Collegium – қалалық қоғамдық орталық;
- Jubilee Ranch – жасөсіпірімдерді оңалту орталығы;
- Демонстрациялық жоба – 15 апта.
Жазғы көшбасшылық Академиясынан оралғаннан кейін қатысушылар университеттің, қаланың және елдің қажеттіліктеріне қызмет ететін қызметтің көшбасшылық принциптерін іске асыру бойынша нақты бірлескен жобаны енгізу үшін жұмыс істейді. Қатысушыларға жаттықтырушы – тәлімгер көмектеседі. Бұл жоба қатысушыларға қоғамның игілігі үшін өзгерістерді іске асырудағы өз әлеуетін түсінуге көмектеседі