«HubTech: Болашаққа арналған инновациялар» бизнеске арналған IТ- жобаларын қорғау

2024 жылдың 23 сәуірінде ҚАЕУ бизнес-сынып білім алушылары үшін (Өскемен қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы №39 мектептің 10-сыныбы) «HubTech: Болашаққа арналған инновация» бизнеске арналған ІТ- жобаларды қорғаудың бірінші күні өтті.  Білім алушылар жаңа технологиялардың ертеңгі күнді қалай өзгеретінін көрсетті, веб-сайтты әзірлеуші ​​компанияны, шығармашылық шеберхананы құрудан бастап киберқауіпсіздік кәсіпорнын ашуға дейінгі түрлі тақырыптарда болашақ технологиялардың инновациялық шешімдерін жасауға бағытталған идеяларын ұсынды. Іс-шара  өңірлік «Oskemen Hab-да» алаңында өтті, онда болашақ креативті идеялар мен жобалардың стартаперлері аудиторияға ұсынылып, құзыретті сарапшылардың бағасына ие болды. Іс-шараның сарапшылары: PhD докторы, профессор, Қазақстан-Американдық еркін университетінің оқу ісі және ақпараттандыру жөніндегі проректоры Гүлнар Жексембайқызы Сәрсембаева, PhD докторы, профессор, «Бизнес» кафедрасының меңгерушісі Илона Владимировна Бордияну, Жалғас Нұрланбекұлы Мәдиев, «ONAI.OPTIC» басшысы, Риддер қаласы, Ғабдулин Ильдар Қайдарұлы, B.I.M. агентігінің басшысы.

Нәтижесінде, барлық стартаптарды тыңдаған комиссия орындарды келесідей бөлді:

1 орынды және ҚАЕУ-де оқуға 50% жеңілдікті Ильгов Егор Юрьевич жеңіп алды – «GREEN CHEF.KZ» салауатты тамақтану кафесі,

2 орын және 30% жеңілдікті – Гаврилов Петр Владимирович және Кхайре Нирананд Датта – «Кристалл» киберқауіпсіздік компаниясы, Старченко Яна Анатольевна – «Оператор» эко-ательесі,

3 орын (оқуға 20% жеңілдік) – Төлеген Асанәлі Саянұлы – «Waste recycling» Пластиктарды қайта өңдеу.

Барлық қатысушыларды құттықтаймыз!