«Integrated Consulting and Management Control» тақырыбындағы воркшоп

«Заманауи ғылыми бағыттар: қолданбалы зерттеулерден инновацияларға дейін» атты XIII Халықаралық жас ғалымдар форумы аясында 2023 жылғы 19-21 сәуір аралығында Қазақстан-Американдық еркін университетінде профессор-оқытушылар құрамы мен бизнес кафедрасының білім алушылары үшін «Integrated Consulting and Management Control» тақырыбында воркшоптар өткізілді.

Спикерлер профессор Бернд Цирклер (PhD), «Менеджмент» ББ докторанты Штефан Ноак, ғылыми қызметкер Мелони Вебер – Whz Zwickau University of Applied Sciences; профессор Кай Нобах (PhD) – Nuremberg Technical University Georg Simon Оhm.

Воркшоп аясында келесі мәселелер қаралды:

  • басқарушылық кеңес беру негіздері;
  • басқарушылық бақылау негіздері;
  • бизнесті жоспарлау және тиімділікті бағалау;
  • шығындарды икемді бюджеттеу;
  • пайданы бақылау және маржалық кіріс;
  • ақша ағындарын жоспарлау және бақылау;
  • сандық трансформация және басқару жүйелері.

Әр воркшоптың қорытындысы бойынша консалтинг және басқарушылық бақылау саласындағы түрлі мәселелер талқыланды.

Бизнес кафедрасы