Іс-тәжірибелер мен тағылымдамалардың қысқа мерзімді бағдарламалары

Бағдарламаның мазмұны: Шетелдік студенттер ҚАЕУ арқылы іс-тәжірибе немесе тағылымдамадан өту үшін бір ай көлемінде Өскеменге келе алады. Көп жағдайда шетелдік студенттерге іс-тәжірибе үшін кредиттерді жауып береді.

Іс-тәжірибенің мазмұны балаларды, студенттерді, ересектерді ағылшын тіліне үйрету бойынша, спорттық командаларды жаттықтыру, ауызша және жазбаша аударма қызметі бойынша бола алады. Кіші және орта бизнес, туризм мен қонақжай бизнесінің кәсіпорындарындағы іс-тәжірибе. Сонымен қатар студенттің қалауы бойынша іс-тәжірибенің басқа түрлері ұйымдастырылуы мүмкін.

Тағылымдамалар тәлімгер, ағылшын тілінің мұғалімі/оқытушысы/репетиторы ретінде өткізіледі. Тағылымдама жетімдермен жұмыс істеу; арнайы клиникаларда (хоспис) жұмыс істеу; қарттарды күту; мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істеу бойынша ұйымдастырылуы мүмкін.

Қызығушылық танытатын студенттерге өз таңдауларына қарай неғұрлым сәйкес келетін тағылымдаманы ұйымдастыру үшін ҚАЕУ-дің Халықаралық серіктестік департаментімен байланысуға ұсыныс жасалады.

Іс-тәжірибенің/тағылымдаманың бағасы іс-тәжірибенің/тағылымдаманың түріне байланысты болып келеді. Егер іс-тәжірибе/тағылымдама ҚАЕУ-ге тікелей қатысты болса, бағасы төмендеу болуы мүмкін. Өтінішті өңдеу бойынша міндетті комиссия ең аз дегенде 100 долларға баламалы сомманы құрайды. Қазақстанда бір айдан аз уақыт өткізген көптеген шетелдік студенттер үшін виза алудың қажеттілігі жоқ.