Кітаптың шығуымен құттықтаймыз!

Біздің университеттің кітапханасының өзіндік тарихы бар. Дәл осы жерде оқу және ғылыми әдебиеттің негізгі қоры сақталады, дәл осы жерде біздің университеттің ПОҚ-ның әдістемелік, ғылыми, оқу еңбектерін табуға болады. ҚАЕУ кітапханасында ҚАЕУ президенті, оның негізін қалаушы, ҚР ҰҒА академигі Мәмбетқазиев Ережеп Әлхайырұлының жарияланымдарын, сондай-ақ  айтулы күндерге немесе оқиғаларға арналған экспозицияларды көруге болатын тұрақты экспозициялар жұмыс істейді. Кітапхана университеттің әрбір маңызды іс – шарасына –   «Мұғалімдер күніне», «Мұхтар Әуезовке 125 жыл», «Тәуелсіздік Күніне арналған» және т. б. тақырыптық көрмелерді ұсынады.

Бірнеше жыл бойы біздің университет «Архивтану және кітапханалық-ақпараттық қызмет» ББ бойынша бакалаврларды даярлайды. Бұл жаңа және перспективалы білім беру бағдарламасы ақпаратты сақтаудың әртүрлі салаларында мамандар даярлауға бағытталған. Алматының «Лантар Трейд» баспасында «Кітапхана ісінің тарихы»оқу құралы жарық көрді. Авторы – Наурызбаева Гүлжанай Ағзамқызы. ҚАЕУ кітапханасын цифрландыру тәжірибесі «ULY DALA Ustazy» халықаралық журналында жариялау үшін ұсынылды және мақала авторы – Наурызбаева Гүлжанай Агзамқызы – I дәрежелі дипломмен марапатталды.

Құттықтаймыз және шығармашылық табыс тілейміз!

 Педагогика және психология кафедрасы