«kundelik.Kz цифрлық платформамен жұмыс» семинары

2023 жылғы 29 қарашада ШҚО білім бөлімінің Өскемен қаласы бойынша білім басқармасының «№18 орта мектебі» КММ орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Абылғазинова Әйгерім Бауыржанқызы Қазақстанның жалпы білім беретін мектептеріне арналған «Күнделік» электронды журналдар мен күнделіктер жүйесінде жұмыстың  тәжірибелік аспектілері бойынша семинар өткізді.

«Орыс тілі мен әдебиеті», «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» және «Дене шынықтыру және спорт» педагогикалық білім беру бағдарламаларының студенттері «Білім берудегі IT-технологиялары» пәнін оқу аясында ұйымдастырылған семинарға қатысты. Семинар Kundelik.kz автоматтандырылған ақпараттық жүйеде жұмыс істеудің  тәжірибелік аспектілеріне арналды. Семинар барысында спикер студенттерге осы жүйедегі жұмыс стандарттары мен регламенттері туралы егжей-тегжейлі айтып берді, сондай-ақ  көрсетілім барысында туындаған сұрақтарына жауап берді. 

Аталған семинар дуалды оқыту жүйесі туралы шарт шеңберінде ұйымдастырылды.

Ынтымақтастық үшін алғысымызды білдіреміз!

Педагогика және психология кафедрасы