«Магистратура мен докторантураға түсушілердің оқуға дайындық деңгейін анықтау үшін тест тапсырмаларын дайындаудың өзекті мәселелері» тақырыбындағы Дөңгелек үстел отырысы

2023 жылғы 6 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығында «Магистратура мен докторантураға түсушілердің оқуға дайындық деңгейін анықтау үшін тест тапсырмаларын дайындаудың өзекті мәселелері» тақырыбында Дөңгелек үстел отырысы өтті. Кездесуде тестілеу рәсімін реттейтін қолданыстағы  сипаттамасына өзгерістер енгізу, пайдаланылатын әдебиеттер тізімдерін түзету мәселелері талқыланды, кешенді тестілеуді дамыту  келешегі белгіленді.

Дөңгелек үстел жұмысына Қазақстан-Американдық еркін университетінің шет тілдері кафедрасының меңгерушісі Юлия Васильевна Новицкая қатысты. Ол «Әлемдік тәжірибеде аналитикалық ойлауды тексеруге арналған тапсырмаларға шолу: ой жүгіртуге арналған азық» тақырыбында баяндама жасап, шетелдік және қазақстандық тестерге қысқаша салыстырмалы талдау жасап, аналитикалық дағдыларды тексеруге арналған тапсырмаларды өзгерту бойынша ұсыныстар енгізді.

Шет тілдері кафедрасы