Мамандар даярлауда дуалды оқытудың тиімділігі
Дуалды жүйенің негізі — болашақ жас маманды оқу орны мен өндірісте қатар оқыту. Дуалды оқыту жүйесі барысында студент өз мамандығын жетік меңгереді, практикалық білімін ертерек жетілдіреді, сонымен қатар қоғаммен тез тіл табысуға үйренеді, өз ортасында беделі жоғары болады және жауапкершілікке тәрбиеленеді. Жұмыс үрдісінде студент өз мамандығына жаңаша көзқараспен қарайды және өз мамандығын жаңылмай дұрыс таңдағанын түсінеді.
ЖОО білім алушылары теория мен тәжірбиені ұштастырып жұмыстар жасауда және машықтану кезінде озат тәжірибелі мамандардан үйренуде.Соның айқын дәлелі 6В01701 «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттері бүгінгі таңда Өскемен қаласы әкімдігінің «№14 негізгі орта мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Кунафышева Жанар Амантайқызының тәлімгерлігімен білім қорын толықтырып жатыр. Университетте «Қазақ тілін оқыту әдістемесі», «Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі» пәндерінен алған теориялық білімді мектепте практикалық тұрғыда жүзеге асыруда. Білім алушылар қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың инновациялық технологияларымен танысып, сабақ түрлерін саралап, жұмыс жасауға қажетті пәндерді оқытуға арналған базалық нормативтік құжаттар туралы мәліметтер алып, дидактикалық материал жинақтауда. Мектепте өтіп жатқан қазақ тілі мен әдебиеті пәндері апталығына белсене қатысып, өз үлестерін қосуда. Қорыта айтқанда, дуалды білім беру жүйесі ең алдымен жеке тұлғаға бағытталып, білім алушының шығармашылық іскерлік сапаларын, коммуникативтілігін, жұмысқа бейімділігін, рухани-адамгершілік мәдениетін және болашақ мамандардың сауаттылығын қалыптастырады.