Медиативті құзыреттіліктерді қалыптастыру

АҚШ Елшілігінің «Қақтығыстардың алдын алу және толерантты мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру тәсілі ретінде мектеп медиация қызметтерін құру» атты шағын гранттар жобасы аясында бір ай бойы студенттер, мұғалімдер, мектеп психологтары, сынып жетекшілері, директорлардан құрылған оқу топтары Шығыс Қазақстан аудандары мектептерінің білім беру ортасындағы жанжалды жағдайлардың алдын алуға байланысты құзыреттерді қалыптастыру үстінде.

Естеріңізге сала кетсек, 2023 жылдың 23 қаңтарында АҚШ−тың Төтенше және Өкілетті Елшісі Дэниел Розенблюмнің қатысуымен ҚАЕУ-де медиация кабинеті ашылды, кабинетте тек Шығыс Қазақстан облысынан жиналған курстың тыңдаушылары ғана емес, сонымен қатар университет студенттері үшін де сабақтар өткізіледі.

Практикалық психологтар Федорова И.А. және Катанова Е.Т. конфликтінің түсінігін, құрылымын, шарттарын, субъектісін, себептерін, конфликттік жағдайларға қатысушылардың іс-әрекеттерін, жанжалдың нәтижесін жан-жақты оқытуда.

Кәсіби медиаторлар Каленова А.А., Нұрмұхамбетова Қ. құқық тұрғысынан студенттерге білім беру ортасында туындайтын жанжалдарды шешуге үйретеді.

Жоба жетекшілері Гаврилова Ю.А. және Тажиева М.Н. жобаның тақырыбы өте өзекті және тек Өскемен мен Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары үшін ғана емес, бүкіл Қазақстан халқы үшін сұранысқа ие болатынына сенімді.

OO KAFU LEADERS