«Мектеп -колледж-ЖОО» жобасы аясындағы жұмыстық кездесу

2022 жылғы 16 қарашада Қазақстан-Американдық еркін университетінің өкілдері, ректордың кеңесшісі Н.А. Нестеренко  мен маркетинг және қабылдау бөлімінің бастығы А. Б. Бердібеков ШҚО білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім беру бөлімінің «Бейіндік мектеп» КММ базасында өткен «Мектеп-Колледж-ЖОО өзара іс-қимылы» ерте кәсіптік бағдарлау жөніндегі қалалық жоба шеңберінде кезекті жұмыс кездесуіне қатысты.

Іс-шараға қаланың білім беру ұйымдарының педагог-кәсіби бағдарлаушылары, ШҚО жоғары оқу орындары мен кәсіптік білім беру орталығының өкілдері қатысты.

Кездесу барысында Мектеп-Колледж-ЖОО жүйесіндегі өзара іс-қимыл мәселелері қаралды, сондай-ақ келесі тақырыптар бойынша ақпарат берілді:

  • Колледждерге қабылдау Ережелері;
  • ҰБТ-2022: ерекшеліктері, пәндері, мерзімдері;
  • ҰБТ бейіндік пәндерді таңдау ерекшеліктері;
  • Мамандық таңдауға әсер ететін факторлар.

Кәсіптік бағдар беру іс-шарасына Алтынсарин атындағы КЕАҚ сарапшылары Ноғайбаева Г. А. мен Темірбаева М. Ж. және ШҚО білім басқармасының бас маманы Халелова Р. М. қатысты.

Сарапшылар ерте кәсіптік бағдар берудің маңыздылығын атап өтіп, педагог-кәсіптік бағдар берушілер қызметінің ерекшеліктерін талқылауға қатысты.

Жұртшылықпен байланыс орталығы