Мектеп түлектеріне арналған ҚАЕУ бейіндік сыныбы өз жұмысын 6 қарашадан бастайды.

Бүгінгі таңда жас ұрпақты кәсіби даярлау  үдерісінің сәттілігінің  өлшемдерінің бірі-қоғамның барлық өзгерістеріне белсенді қатыса алатын адамның үздіксіз білім алуы. Мұндай бірегей мүмкіндік Қазақстан-Американдық еркін университетімен тығыз байланыста жұмыс істейтін Өскемен қаласы мен ШҚО мектептерінде бар.

«Мектеп — колледж — университет» жүйесінде оқу  үдерісінің сабақтастығының арқасында кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында екі жылдық оқуы бар екі бизнес-сынып ашылды – 10 және 11-сынып.

Сонымен қатар, болашақ мамандықпен танысу және оған ену мақсатында 2023 жылғы 6 қарашадан бастап қала мектептерінің түлектері үшін (орыс және қазақ тілдерінде оқыту) 2 сынып ашылады.

Мектеп түлектеріне «Бизнес», «Құқық және халықаралық қатынастар», «Шет тілдері», «Педагогика және психология»кафедраларымен танысу ұсынылады. 40-тан астам оқушы ҚАЕУ-де ағылшын тілін, кәсіпкерлік және бизнес негіздерін, IT-технологияларды, психология мен журналистиканы, құқық пен халықаралық қатынастарды оқып үйренеді.

«ҚАЕУ бейіндік сыныбы» білім беру бағдарламаларын дәріптеу мақсатында өтеусіз негізде ашылады.

Телефондар бойынша анықтамалар:

8 (7232) 505-044-Нестеренко Наталья Александровна, ҚАЕУ Ректорының кеңесшісі

8(7232) 500-300

87074400001