Мичиган университетінің іс-шаралары

Мичиган мемлекеттік университеті делегациясының Қазақстан-Американдық еркін университетіне сапары аясында 2023 жылғы 20 қазанда бірден 3 халықаралық іс-шара болып өтті.

Мичиган мемлекеттік университетінің (Ист Лансинг қаласы, Мичиган штаты, АҚШ) білім беру мектебінің профессоры, профессор БетсАнн Смит қаланың мектептері мен колледждерінің директорлары мен директорлардың орынбасарлары үшін «Білім берудегі көшбасшылық және басқару мәселелері» тақырыбында білім беру мекемелерінің басшылары үшін ашық пікірталас өткізді.

Пікірталас барысында көшбасшылық дағдыларды дамыту, өзгерістерді басқару, жаңа технологиялар мен тәсілдерге бейімделу, білім беру саласындағы стратегиялық жоспарлау сияқты маңызды тақырыптар қозғалды.

«Crafting Persuasive Literature Reviews in the Era of Smart Apps and Generative AI» тақырыбында тұсаукесерді Мичиган мемлекеттік университетінің білім беру мектебінің профессоры Дуглас К.Хартман (Ист Лансинг қаласы, Мичиган, АҚШ) өткізді. Профессор сенімді әдеби шолулар жасаудағы, әсіресе  зияткерлік қосымшалар мен генеративті жасанды интеллектті қолдану аясында білімі мен тәжірибесімен бөлісті. Бұл тақырып қазіргі ғылыми ортада өзекті бола түсуде, мұнда технология зерттеу жұмысында маңызды рөл атқарады.

«Мичиган мемлекеттік университетінің білім беру мектебінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру тәжірибесі» тақырыбында тұсаукесерді, Мичиган мемлекеттік университетінің профессоры Нэнси Ромиг (Ист Лансинг қаласы, Мичиган, АҚШ) өткізді. Бұл тақырып – жоғары оқу орнында ғылыми зерттеу үшін табысты орта құруға мүмкіндік беретін әдістер, стратегиялар мен  қағидаттар туралы білудің бірегей мүмкіндігі.

Жұртшылықпен байланыс орталығы