Мұхтар Шахановтың 80 жылдық мерейтойына арналған қалалық байқауы

2022 жылдың 20 желтоқсанында Қазақстан-Американдық еркін университеті Мұхтар Шахановтың 80 жылдық мерейтойына арналған «Көркемсөз оқу шеберлері» қалалық байқауын өткізді. Байқауға Өскемен қаласының колледж және университет білім алушылары бойынша барлығы 55 өнерпаз қатысты. Байқаудың мақсаты: іс-шара Қазақстанның Халық жазушысы және ақыны, қоғам қайраткері Мұхтар Шахановтың 80 жылдығына арналған. Байқаудың міндеті: көркем әдебиетті, қазақ қаламгерлерінің шығармашылық мұрасын насихаттау, ел бірлігін нығайту және отансүйгіштік сезімге тәрбиелеу, қазақтың ұлттық мәдениеті мен өнеріне, әдебиеті мен тіліне деген көпшілік ықыласын арттыру, жастар арасында кітап оқу мәдениетін дамыту. 

Байқаудың бағалануы: қазылар алқасы байқауға қатысушылардың өнерін бағалау кезінде олардың көркем мәтінді оқу шеберлігіне, дауыс мәнеріне және тіл тазалығына, мәтінді таңдау талғамына, сахнада өзін-өзі ұстауына, образына баса назар аударды. 

Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орын алғандар: 

Бас жүлде – Серікбекқызы Іңкәр – Сарсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті КЕАҚ Жоғары Колледжі; 

1 орын – Бекжанова Наздана – Абай атындағы ШҚГК; 

2 орын – Қабышова Айсұлу – Абай атындағы ШҚГК; 

2 орын – Дүкешова Ақнұр Абай атындағы ШҚГК; 

3 орын – Ержан Айерке – Сарсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті КЕАҚ Жоғары Колледжі; 

3 орын – Төлегенұлы Қуаныш – Абай атындағы ШҚГК; 

3 орын – Қабай Альмира – Сарсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті КЕАҚ Жоғары Колледжі. 

«Көрермен көзайымы» – Әділбекова Жасмин – Абай атындағы ШҚГК.

«Көркемсөз оқу шебері» – Ақылбекова Ақбота – Сарсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті КЕАҚ Жоғары Колледжі.

«Сахна шебері» – Бауыржанқызы Іңкар – Сарсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті КЕАҚ Жоғары Колледжі.

Жеңімпаздарды құттықтап, ел болашағы боларлық өнерлі жастарды дайындаған жетекшілеріне алғыс білдіреміз!

Кафедра педагогики и психологии