Облыстық «ŞYĞYS ÖRKENІ» ІТ-хакатоны
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында ШҚО ББ Шығыс Қазақстан өңірлік білім берудегі жаңа технологиялар орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, сондай-ақ ШҚО білім басқармасымен бірлесіп, өңір үшін инновациялық шешімдер жасау, ақпараттық технологиялар және ІТ-дағдыларды дамыту саласында жастардың оқуға қызығушылығы мен тартылуын арттыру, IT-саласында Шығыс Қазақстан облысы ТжКБ ұйымдарының оқушылары және өңірлік жоғары оқу орындарының студенттері арасында жоғары білікті кадрларды қалыптастыру мақсатында 2022 жылғы 3-4 қарашада облыстық «SHYĞYS ÖRKENI» ІТ-хакатоны өткізілді.
«SHYĞYS ÖRKENI» IT -хакатоны мектеп оқушыларын, колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттерін білім берудің тиімділігін, тұру жайлылығы мен азаматтардың қауіпсіздігін арттыру үшін жалпыға қолжетімді инновациялық қосымшалар мен сервистердің прототиптерін жасауға тарту мақсатында өткізілді.
Аталған іс-шараға Шығыс Қазақстан облысының ТжКБ ұйымдарының оқушылары және өңірлік жоғары оқу орындарының студенттері қатарынан 31 команда қатысты. Бірінші команда құрамында Қазақстан-Американдық еркін университетінің «Ақпараттық жүйелер» ББ білім алушылары В. Васипёнок, И. Дынник және екінші команда құрамында «Ақпараттық жүйелер» ББ білім алушылары Д.Федотов, И. Горин және А. Хасенов қатысушылар болды.
Екі күн ішінде террористік қауіп төнген жағдайда білім беру ұйымдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жасанды интеллект технологияларын пайдалана отырып, мобильді қосымша/интернет платформа форматында шешім қабылдау жүйесін, не ғимаратта орнатылған жабдықты пайдалана отырып шабуыл жасау қаупі төнген жағдайда білім беру ұйымдарында терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру проблемаларын шешу үшін өзге де цифрлық өнімді әзірлеу ұсынылды: бейнебақылау жүйесі, турникеттер, дабыл түймелері, сөйлеп хабардар ету, дабыл.
«SHYĞYS ÖRKENI» IT-хакатоны қорытындысы бойынша құрамында Васипёнок Владислав және Дынник Илья болған ҚАЕУ командасы екінші орынды иеленді.
Одан әрі табыстар тілейміз!
Бизнес кафедрасы