«Өрлеу» – мен ынтымақтастықта біліктілікті арттырудың бірлескен курстарын әзірлеу

Қазақстан-Американдық еркін университеті мен «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ «Шығыс Қазақстан облысы бойынша кәсіби даму институты» филиалы арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандум аясында курстарды бірлесіп әзірлеу бойынша жұмыс кездесуі өтті.

Кездесуге «Өрлеу»БАҰО» АҚ филиалының кафедра меңгерушісі Ж.С. Құрманова, бас әдіскер Л.В. Егорина, мониторинг жұмысы секторының бас маманы А.Р.Иқамбаева, сондай-ақ ҚАЕУ ректорының кеңесшісі Н.А. Нестеренко, шетел тілдері кафедрасының меңгерушісі Ю.В. Новицкая, аға оқытушы А. А. Осколкова қатысты.

Кездесуге қатысушылар ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған бірлескен біліктілікті арттыру курстарын әзірлеу және іске асыру, жұмыс алгоритмін кезең-кезеңімен анықтау мәселелерін егжей-тегжейлі талқылады.

Мұндай бірлескен жобаның мақсаты мектеп пен ЖОО арасындағы байланысты нығайту, ағылшын тілі мұғалімдерінің үнемі кәсіби жетілуіне мүмкіндік беру, өңірде ағылшын тілін сапалы оқыту үшін жағдай жасау болады.

Жұртшылықпен байланыс орталығы