Өскемен қаласы Полиция басқармасының ҚАЕУ студенттерімен кәсіби бағдар беру кездесуі

2023 жылғы 26 қыркүйекте Қазақстан-Американдық еркін университетінде Өскемен қаласы Полиция басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі М.Б.Баяндиновтың «Құқықтану»  мен «Құқық және құқық қорғау қызметі» білім беру бағдарламалары бойынша оқитын ҚАЕУ студенттерімен кәсіби бағдар кездесуі өтті.

Сөз сөйлеу барысында Марат Бексолтанұлы студенттерге ішкі істер органдарының әртүрлі бөлімшелеріндегі жұмыстың ерекшеліктері мен қызметтің өзіндік ерекшеліктері, тәртіп сақшылары күнделікті орындайтын міндеттер туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Сондай-ақ, спикер құқық қорғау органдарына қызметке қабылдау кезінде кандидаттарға қойылатын талаптарға, ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін көзделген мансаптық перспективалар мен әлеуметтік кепілдіктерге тоқталды.

Кездесу соңында студенттер ұйымдастырушыларға өткізілген іс-шара үшін алғыстарын білдіріп, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.

Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы