Өзбекстан Республикасының Конституциясы күніне арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысу

2023 жылғы 29 қарашада Ташкентте «Өзбекстан Республикасының Конституциясы-елдің дамуы мен қоғамның әл–ауқатының құқықтық кепілі» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Аталған конференцияны Өзбекстан Республикасы Әділет министрлігі жанындағы заңгерлердің біліктілігін арттыру Орталығы ұйымдастырды.

Халықаралық конференция жұмысына ҚАЕУ құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының аға оқытушысы, қазіргі уақытта академиялық ұтқырлық бойынша өзара түсіністік туралы Меморандум шеңберінде Ташкент мемлекеттік заң университетінде оқытушы ретінде жүрген заң ғылымдарының магистрі қатысты. Біздің әріптесіміз «Қазақстан Республикасында адам құқықтарын қорғаудың нормативтік-құқықтық негіздері» тақырыбында баяндама жасады.

Конференция өз алаңында мемлекеттік билік пен ғылыми қоғамдастықтың жетекші өкілдерін біріктірді және соттардың Конституция нормаларын тікелей қолдануы, Конституциядағы адам құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктері, прокуратура қызметінің конституциялық-құқықтық негіздері және басқа да мәселелерді талқылауға арналған алаң болды. Конференция жұмысына Өзбекстанның және басқа елдердің құрметті заңгерлері қатысты.

Ташкент мемлекеттік заң университеті мен Өзбекстан Республикасының Әділет министрлігіне ынтымақтастық үшін алғыс білдіреміз!

Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы