Орталық Азия жоғары оқу орындарындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциялар

ҚАЕУ түрлі елдердің жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықты белсенді және табысты дамытуды жалғастыруда. Бұған біздің әріптестеріміздің өткен аптада Өзбекстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасының жоғары оқу орындарындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларда сөйлеген сөздері мысал бола алады.

2022 жылдың 2 желтоқсанында құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының оқытушылары С.А.Мужчиль мен Е.М.Жүніспеков онлайн-режимде Ташкент мемлекеттік заң университетінде өткен «Қылмыстық іс жүргізу құқығын дамытудың заманауи мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік  конференцияда сөз сөйледі. Естеріңізге сала кетейік, бұл университет пен ҚАЕУ өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойған (2021 жылғы 21 мамыр). Біздің жас ғалымдарымыздың баяндамасының тақырыбы былайша тұжырымдалды: «Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша жасырын тергеу әрекеттерін жүргізудің құқықтық негіздері». ҚАЕУ өкілдерінен басқа осы конференцияға ТМД-ның жетекші жоғары оқу орындарының ғалымдары, сондай-ақ құқық қорғау органдары мен сот жүйесінің өкілдері қатысты.

2022 жылғы 3 желтоқсанда құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі С.А. Мужчиль бейнеконференцбайланыс арқылы Адам құқықтары күніне және Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне арналған «БҰҰ және басқа да халықаралық ұйымдар шеңберіндегі көші-қонды халықаралық-құқықтық реттеу және халықаралық ынтымақтастықты дамыту» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының секциялық отырысында сөз сөйледі. Аталған конференция Тәжікстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының (Душанбе қ.) базасында өткізілді. Айта кетейік, С.А. Мужчильдің «Білім алу құқығын қамтамасыз етудегі адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының рөлі» баяндамасының тақырыбы бүгінгі күні өте өзекті болып табылады. «Адам құқықтары» секциясының баяндамашылары арасында Тәжікстан, Қазақстан, Ресей, Беларусь және Кот-д ‘ Ивуар ғалымдары сөз сөйледі.

Айта кетейік, ҚАЕУ – бұл халықаралық серіктестік университеті. Біз әр түрлі елдердің жоғары оқу орындарымен сындарлы ынтымақтастыққа әрқашан қуаныштымыз!

Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы