Platonus жүйесінен алғыс хат

Білім беру үдерісін автоматтандыру – университет жұмысының ажырамас бөлігі. 10 жылдан бері Қазақстанның жоғары білім беру жүйесінде PLATONUS ААЖ жұмыс істейді, ол студенттердің сабаққа қатысуы мен үлгерімін бақылауды, білім беру үдерісі туралы есеп беру мен басқаруды автоматтандыруды, оқу үдерісін ұйымдастырудың инновациялық тәсілін және т.б. қамтамасыз етеді. Осы жылдар ішінде Қазақстан-Америка Еркін университетінің PLATONUS цифрлық платформасының тұрақты әкімшісі — ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы Тютюньков Станислав Леонидович. Көп жылдық ынтымақтастығы және ҚАЕУ-дегі PLATONUS платформасының жұмысын қамтамасыз еткені үшін Станислав Леонидович PLATONUS ЖШС (Астана қ.) бас директорының атынан Алғыс хатпен марапатталды.

Құттықтаймыз және шығармашылық табыс тілейміз!

Қашықтықтан оқытуды әдістемелік және техникалық қолдау орталығы